г. Караганда, Ермекова, 124

flag

РУС

Call-центр

1414

Телефон доверия

+ 7 (7212) 30-36-66

Приёмная комиссия

+7 (7212) 30-33-64

г. Караганда, Ермекова, 124

Call-центр 1414

Ұлы Отан соғысының ардагері Виктор Андреевич Шелудяковтың үйіне арнайы барып

Пятница, 9 мая 2025

ҚР ІІМ Б. Бейсенов атындағы Қарағанды академиясының бастығы полиция полковнигі Нұрлан Биекенов және академия курсанттары Ұлы Отан соғысының ардагері Виктор Андреевич Шелудяковтың үйіне арнайы барып, құрмет көрсетті.

Ардагер – 4-Украин, 1-Прибалтика және 2-Белорусь майдандарында радиобайланыс бөлімшесін басқарған, Кёнигсберг түбіндегі қанды шайқаста ауыр жараланған жауынгер. Ол – I дәрежелі Отан соғысы орденінің, «Ерлігі үшін», «Кёнигсбергті алғаны үшін», «Германияны жеңгені үшін», «Беларусьті азат еткені үшін», «Украинаны азат еткені үшін» медальдарының иегері.

Курсанттар ардагердің үйінің ауласында карабинмен саптық дефиле, барабаншылар шеруі және қоян-қолтық ұрыстан көрсетілім ұйымдастырып, әскери рух пен құрметтің жарқын үлгісін көрсетті.

Виктор Андреевич – ерлік пен еңбекке толы ғұмыр иесі. Соғыстан кейінгі өмірін Қарағанды шахта құрылысында өткізіп, 83 жасында зейнетке шыққан. Оның жауынгерлік жолы – жас ұрпаққа үлгі, бейбіт өмірдің бағасын ұқтыратын тағылым.

ИРБИС система автоматизации библиоте
Дистанционное обучение
Лекториум
Результаты тестирования ЕНТ