Өзбекстан Республикасы ІІМ Криминологиялық зерттеу институтымен меморандум жасалды
Воскресенье, 10 ноября 2024
2024 жылғы 28-31 қазан аралығында Академия бастығының орынбасары полиция полковнигі Д.А. Абеуов Өзбекстан Республикасы ІІМ Криминологиялық зерттеу институтында «Әлемдік криминологияның озық тәжірибесі» атты бірінші халықаралық форумға қатысты. Форум криминология және құқық қорғау саласында танымал ғалымдар, сарапшылар мен практиктерді жинады.
Форум әлемдік криминологиядағы қазіргі тенденциялар, құқық қорғау органдарының жұмысындағы озық әдістер мен тәсілдер туралы пікір алмасу үшін маңызды алаңға айналды. Түрлі елдерден келген қатысушылар өз тәжірибелерімен бөлісіп, ең жаңа зерттеулерді талқылап, құқық қорғау органдарының жұмысын жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірледі.
Форумның маңызды нәтижелерінің бірі — ІІМ Б.Бейсенов атындағы Қарағанды академиясы мен Өзбекстан Республикасы ІІМ Криминологиялық зерттеу институты арасында “Ынтымақтастық туралы меморандумға” қол қойылуы болды. Бұл келісім ғылыми зерттеулер жүргізу, тәжірибе алмасу және білім беру бағдарламаларын әзірлеу саласындағы жаңа мүмкіндіктерді ашты.
Екі оқу орны арасындағы ынтымақтастық ішкі істер органдарынык криминология және құқық тәртібі саласындағы өзара әрекеттестігін нығайтуға және екі елдің құқық қорғау органдары үшін білікті мамандар даярлауға ықпал ететін болады.