1 июня 2024
ЖАЛЫНДЫ ЖАСТАР, ЖАРҚЫН БОЛАШАҚ!
Бүгін Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі ОТАРБАЕВ МӘЛІК НҰРЖАНҰЛЫНЫҢ Арқа төсінің белсенді жастарымен еркін форматтағы кездесуі өтті. Аталған кездесуге қаладағы түрлі ұйым мүшелері, оқу орындары студенттері мен белсенді жастар, еріктілер қатысты. Академиядан аға оқытушысы, полиция майоры А. Е. Туткушев және аға ғылыми қызметкер, полиция капитаны Қ. Монай қатысты.
Жиында жастар өзекті мәселелер бойынша пікір алмасып, ұсыныстарын жеткізіп, еркін форматта сұхбат жүргізді.
Іс-шара барысында Қарағанды облысы әкімінің орынбасары Ерлан Бейсембайұлы жалынды жастарымен таныстырып, өңірімізде жастарды қолдау бойынша жүргізіліп жатқан игі бастамалар мен жобалар жөнінде айтып өтті.