10 ноября 2023
Тәжірибе алмасу мақсатында жалпы заң пәндері кафедрасының оқытушылары А.Б.Қожасова мен Ф.М.Ашимханова кәсіби даярлық факультетінің 105 оқу тобының курсанттарын «Мемлекет және құқық теориясы» пәні бойынша Қазақстан Республикасы ІІМ Орталық өңірлік Әскери-тергеу басқармасының АМІЖ аға тергеушісі әділет полковнигі Рахымкамал Алтынбек Айтбекұлымен және тергеуші әділет капитаны Мыңбаев Азиз Абылайханұлымен кездесуді ұйымдастырды. Кездесу барысында курсанттар құқық қорғау саласына қатысты өздерін қызықтыратын сұрақтарды қоя отырып, қонақтар тарапынан ауқымды жауаптарды алды. Тәжірибелік қызметкерлермен кездесу мазмұнды да тартымды өтті.