140 оқушы Әлияшылар қатарына қосылып, куәлік алды
Суббота, 30 ноября 2024
Академиямыздың қылмыстық процесс кафедрасының доценті полиция подполковнигі Садырбекова Гүлнұр Хасенқызы 29 қараша күні Қарағанды облыстының Жастар ресурстық орталығы мен Жастар Рухы жастар қанаты “Жас сарбаз” республикалық әскери-патриоттық қозғалысының облыстық филиалы ұйымдастырған алғаш рет 140 оқушыны Әлияшылар қатарына салтанатты қабылдау рәсіміне қатысты.
Әлия Молдағұлованың есімі тарих беттерінде өз Отаны мен халқына деген адалдығы мен батырлығының жарқын бейнесіне айналғаны сөзсіз. Қазіргі таңда Әлияшылар 5-сыныптан бастап қабылданып, оларға арнайы куәлік пен төсбелгі, естелік сыйлықтар табысталды. Бұл тек құрмет белгісі ғана емес, нағыз патриоттық рухтың, Отанға адалдықтың айқын үлгісі.
Гүлнұр Хасенқызы басқа құқық қорғау органдарының өкілдерімен қатар Әлияшы қыздарымызға өнегелі үлгі ретінде өз өмір жолын баяндап, кеңестерін айтты.
Іс-шараға Нұркен Әбдіров атындағы жалпы білім беретін мектебі мен Қарағанды қаласы білім бөлімінің № 30 жалпы білім беретін мектебінің оқушы қыздары қатысты.
Әлияшы қыздарымыз ерліктің, батылдықтың және рухтың символына айналарына сенімдіміз. Олар ел үшін еңбек етіп, болашақта мемлекетіміздің тірегі болатынына кәміл сенеміз.