г. Караганда, Ермекова, 124

flag

РУС

Call-центр

1414

Телефон доверия

+ 7 (7212) 30-36-66

Приёмная комиссия

+7 (7212) 30-33-64

г. Караганда, Ермекова, 124

Call-центр 1414

15 декабря 2023

Жоғары оқу орындары арасында өткен «Алаш заңгерлерін білесіз бе?» тақырыбындағы викторина Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнін мерекелеу қарсаңында жалпы заң пәндері кафедрасының оқытушылары полиция майоры Ф.М. Ашимханова, полиция подполковнигі Г.Х. Садырбекова, полиция подполковнигі А.Б.Қожасова «Қазақстан Республикасының мемлекет және құқық тарихы» пәні бойынша «Алаш заңгерлерін білесіз бе?» тақырыбында жоғары оқу орындары арасында викторина өткізді. Викторинада 3 команда бақ сынасты: Қазақстан Республикасы ІІМ Б.Бейсенов атындағы Қарағанды академиясының «ALASH» командасы, Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің «Lawyers United» командасы, Қазтұтынуодағы Қарағанды университетінің “Абырой” командасы. Қатысушылар өз білімдері мен дағдыларын және біліктіліктерін әртүрлі кезеңдерде көрсете білді: әр команда өздерін таныстыру мақсатында бейнероликтер көрсетті, «Өз ойыны» форматында Алаш заңгерлері бойынша қойылған сұрақтарға жауап беріп, соңғы турда Алаш заңгерлері тақырыбына презентация қорғады. Табанды жарыстың нәтижесінде «ALASH» командасы 1 — орынды, «Абырой» командасы 2 — орынды және «Lawyers United» командасы 3 – орынды иеленді. Іс- шара соңынан викторинаға қатысушылар мен олардың жетекшілері мақтау қағаздармен марапатталды
ИРБИС система автоматизации библиоте
Дистанционное обучение
Лекториум
Результаты тестирования ЕНТ