16 наурыз – Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күні
Воскресенье, 16 марта 2025

Бұл күн қазақ халқының ғасырлар бойы жалғасып келе жатқан салт-дәстүрлерін ұлықтауға арналған.
Қыз ұзату – қыз баланың туған үйімен қоштасып, жаңа өмірге қадам басуын білдіретін ерекше салт. Сәукеле киген қалыңдықтың құрбыларымен қуанышты сәттері, ақ тілектер мен қимастық сезім – бұл дәстүрдің шынайы көрінісі.
Қазақтың әрбір ғұрпы – ұрпаққа аманат. Салт-дәстүріміз ұлықталып, мәңгі жасай берсін!
Ұлттық нақыштағы ерекше атмосфера сыйлаған @orta_ethnostudio_krg этностудиясы
Қыз ұзату салтына арналған фотосессиямыз дәл осы жерде өтті және ұсынылған әдемі киімдер мен ғажайып атмосфера мерекелік көңіл-күй сыйлады. Қазақтың мәдениеті мен дәстүрін құрметтеп, оны заманауи стильде насихаттауға үлес қосып жүргендеріңіз үшін алғысымызды білдіреміз!