19 апреля 2024
2024 жылғы 19 сәуірде Қазақстан Республикасы ІІМ Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясында «Заң пәндерін оқытудың заманауи әдістері» тақырыбында онлайн өткен дөңгелек үстелге жалпы заң пәндері кафедрасының аға оқытушысы полиция подполковнигі А.Б.Қожасова «Кәсіби циклдің заң пәндерін оқыту процесінде құзыреттілік тәсілді іске асыру: инновациялық нысандар мен әдістер» тақырыбында және полиция майоры Ф.М.Ашимханова «Заң пәндерін оқытуда интерактивті және инновациялық әдістерді тиімді қолдану» тақырыбында мақалаларымен қатысты. Аталған іс-шараға Қазақстан Республикасының ІІМ-нің және өзге де Ресей ІІМ-нің ведомстволық жоғары оқу орындарынан профессорлық-оқытушылық құрам қатысты. Дөңгелек үстел мазмұнды да тартымды өтті.