
ОӘО бастығы
Абдықалықова Ғазиза Мейрамқызы
Начальник УМЦ
Абдыкалыкова Газиза Мейрамовна
Оқу-әдістемелік орталықтың штаттық құрылымына: оқу процесін қамтамасыз етуді ұйымдастыру бөлімшесі, білім беру сапасын мониторингілеу және бақылау (бағалау) тобы (бұрынғы бөлімше) және қашықтықтан оқыту тобы кіреді.
Оқу-әдістемелік орталықты кадрлық құрылымға кіреді: оқу-әдістемелік орталықтың бастығы- полиция подполковнигі Абдыкалыкова Газиза Мейрамовна басқарады.
Қазіргі уақытта оқу процесін қамтамасыз етуді ұйымдастыру бөлімшесінде: оқу процесін қамтамасыз етуді ұйымдастыру бөлімшесін (ол – оқу-әдістемелік орталығы бастығының орынбасары) полиция подполковнигі Тургумбаева Балжан Нуржановна, аға оқытушы-әдіскері Ларкина Ольга Викторовна, аға оқытушы-әдіскері (вакансия), оқытушы-әдіскері Баймагамбетова Айжан Кусаиновна жұмыс істейді.
Бөлімнің негізгі іске асырылатын функциялары білім беру бағдарламаларын оқу-әдістемелік қамтамасыз етуді қалыптастыруға, инновациялық білім беру технологияларын дамытуға және ішкі істер органдары қызметінің практикалық тәжірибесін қолдануға бағытталған Академияның білім беру процесін әдістемелік қамтамасыз етудің бірыңғай жүйесінің тиімді жұмыс істеуі болып табылады.
Білім беру сапасын мониторингілеу және бақылау (бағалау) тобының ұжымында: аға оқытушы-әдіскері полиция подполковнигі Куанбаева Салтанат Турсуновна, аға оқытушы-әдіскері полиция подполковнигі Ахметова Саягуль Елубаевна, оқытушы-әдіскері полиция майоры Касенова Асем Алибековна.
Қашықтықтан оқыту тобында- аға оқытушы әдіскері полиция подполковнигі Саменова Зарина Бексултановна, оқытушы-әдіскері (ваквнсия).
Топ білім беру сапасы мәселелері бойынша ақпараттық-талдамалық материалдарды қалыптастыруды, оларды тарату бойынша іс-шараларды жүргізуді, білім беру сапасын басқару жүйесінің нәтижелілігі мәселелері бойынша ақпаратты жинауды және өңдеуді жүзеге асырады, оқу-әдістемелік құжаттаманы ұйымдастырады және әзірлейді, сабақ өткізу сапасын бақылауды жүзеге асырады, оқу процесі мен оқу қызметін жақсарту жөнінде ұсыныстар енгізеді, курсанттардың үлгерімін жетілдіреді.
Оқу-әдістемелік орталықты құрудың мақсаты Академияда оқу процесін ұйымдастыру және бақылау, сондай-ақ жоспарлау, оқу-әдістемелік жұмысты ұйымдастыру қажеттілігі және Академияның білім беру қызметінің бірыңғай ақпараттық ортасын бір бөлімшеде қалыптастыру болып табылады.
Оқу-әдістемелік орталықтың негізгі міндеттері академиядағы оқу процесін бақылаумен, жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі және қосымша білім беру бағдарламаларымен, оқу-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік қамтамасыз етуді іске асыру, Академияның профессорлық-оқытушылық құрамының біліктілігі мен кәсіби шеберлігін арттыруды жүйелі қамтамасыз етуді, білім алушылардың ағымдағы және аралық білімін бақылауды ұйымдастыру мен жүргізуді, оқу-әдістемелік және қашықтықтан білім беру технологиялары бойынша білім беру бағдарламаларын ақпараттық-техникалық сүйемелдеуді жүзеге асырады.
Қашықтан оқыту тобының негізгі міндеттері: қашықтықтан оқыту жүйесінде қолда бар білім беру материалдарын пайдаланудың тиімділігі мен әдістемелік деңгейін бақылауды жүзеге асыру, қашықтықтан консультация беру және электрондық тесттер өткізу мүмкіндігін береді, қашықтықтан оқыту технологияларын қолдана отырып, білім алушыларды аралық аттестаттау нәтижелерін талдауды жүзеге асырады, қашықтықтан оқыту жүйесінде оқытушылардың жұмысына тұрақты мониторингті жүзеге асырады
Орталықтың болашағы – білім беру саласындағы озық тәжірибені зерделеу, цифрландыруды енгізу, академиялық адалдықты сақтау, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл негізінде қызметті жоғары тиімді, қарқынды дамыту.

Обновлено: 16.10.2025 17:29