г. Караганда, Ермекова, 124

flag

РУС

Call-центр

1414

Телефон доверия

+ 7 (7212) 30-36-66

Приёмная комиссия

+7 (7212) 30-33-64

г. Караганда, Ермекова, 124

Call-центр 1414

2 декабря 2023

Мен тұлға ретінде қалыптасқан өзімің саналы ғұмырының барлық кезеңін педагогикалық қызметке арнаған маманмын. Сонау 2010 жылы ҚР ІІМ ҚАЖК Қостанай академиясын аяқтаған бойда осы академияның ғылыми-педагогикалық магистратурасына оқуға түсіп кетуім менің ғылыми-педагогикалық жұмыспен айналысуға деген үлкен құштарлығымның болғандығын айғақтаса керек. Ғылыми-педагогикалық магистратураны ойдағыдай аяқтаған соң осы саладан алыстамай 2012 жылы ҚР ІІМ Павлодар заң колледжінің оқытушысы лауазымына тағайындалуым да кездейсоқтық емес. 2013 жылы ҚР ІІМ Б. Бейсенов атындағы Қарағанды академиясының жоғары оқудан кейінгі білім беру институтына оқуға түсіп білім алған 3 жыл ішінде өзімді педагог қана емес ғылым жолына ден қойған жас зерттеуші, талапты ғалым ретінде де таныта білдім. Докторлық диссертация жазу үшін әлеуметтік-құқықтық мәні мен өзектілігі жоғары – «Діни экстремизмге байланысты қылмыстарды ескертудің қылмыстық-күқықтық және криминологиялық проблемалары» деген тақырыпты таңдаған болатынмын. Нәтижесінде 2017 жылдың маусым айында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінен «Құқық қорғау қызметі» мамандығы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін алдым. 2016 жылғы маусым айында Қазақстан Республикасы ІІМ Бәрімбек Бейсенов атындағы Қарағанды академиясының азаматтық – құқықтық пәндер кафедрасының оқытушысы лауазымына, 2017 жылғы тамыз айында осы кафедраның аға оқытушысы лауазымына тағайындалдым.
ИРБИС система автоматизации библиоте
Дистанционное обучение
Лекториум
Результаты тестирования ЕНТ