г. Караганда, Ермекова, 124

flag

РУС

Call-центр

1414

Телефон доверия

+ 7 (7212) 30-36-66

Приёмная комиссия

+7 (7212) 30-33-64

г. Караганда, Ермекова, 124

Call-центр 1414

20 декабря 2023

Халықаралық ғылыми жұмыстар байқауы Жалпы заң пәндері кафедрасы Бәрімбек Сәрсенұлы Бейсеновтің 100 жылдығына арналған «Ішкі істер органдары қызметіндегі Адам құқықтары: даму мәселелері мен перспективалары» атты Халықаралық ғылыми-зерттеу жұмыстарының конкурсын өткізді. Конкурс өскелең ұрпақты құқықтық ағарту, адам құқықтары мен бостандықтары туралы білімді тарату; білім алушылардың азаматтық бастамасы мен құқықтық жауапкершілігін дамыту, құқық қорғау қызметі дағдыларын игеру мақсатында Қазақстанның және ТМД-ның ІІМ білім беру ұйымдарының курсанттары арасында өткізілді. Ресей ІІМ Орал заң институты, Ресей ІІМ Уфа заң институты, Ресей ІІМ Қиыр Шығыс заң институтының Владивосток филиалы, Қазақстан Республикасы ІІМ Б. Бейсенов атындағы Қарағанды академиясы белсенді қатысты. Байқаудың қорытындысы бойынша Ресей ІІМ Уфа заң институтының 3 курс курсанты Михаил Новоженов 1 дәрежелі дипломмен марапатталды. Ғылыми жетекшісі: А.И.Казимиров, конституциялық құқық кафедрасының бастығы, з.ғ. к., доцент. 3 дәрежелі дипломмен Қазақстан Республикасы ІІМ Б. Бейсенов атындағы Қарағанды академиясының 2 курс курсанты Аслан Бахитов марапатталды. Ғылыми жетекші: жалпы заң пәндері кафедрасының оқытушысы полиция аға лейтенанты з.ғ.м., А.Д.Баймағамбетова. Жеңімпаздарды құттықтаймыз!
ИРБИС система автоматизации библиоте
Дистанционное обучение
Лекториум
Результаты тестирования ЕНТ