2015 жылғы түлектердің қайта қауышуы
Воскресенье, 13 июля 2025

Қазақстан Республикасы ІІМ Бәрімбек Бейсенов атындағы Қарағанды академиясында ерекше сәттерге толы бір күн өтті. 2015 жылғы түлектер қайтадан бас қосып, бір-біріне қуаныш, алғыс пен шынайы ықылас сыйлады. Кезінде бірге қызметтің қыр-сырын меңгеріп, өмірлік жолға қадам басқан түлектер үшін бұл кездесу тек естеліктерді жаңғырту ғана емес, сонымен қатар бірлік пен достықты тағы бір мәрте бекемдеу болды. Олар үшін Қазақстан Республикасы ІІМ Бәрімбек Бейсенов атындағы Қарағанды академиясы жай оқу орны емес, үлкен өмірге бастаған алғашқы қадам болып табылады, ал бұл кездесу жүректерді жақындатқан тағы бір маңызды белес ретінде есте қалды.