2025 жылғы Академия жетістіктері
Среда, 31 декабря 2025

Жаңа жыл қарсаңында әрбір ұжым өткен жылға көз жүгіртіп, атқарылған жұмыстарды қорытындылайды. 2025 жыл Қазақстан Республикасы ІІМ Бәрімбек Бейсенов атындағы Қарағанды академиясы үшін мазмұны терең, жауапты әрі нәтижелі кезең болды. Осы орайда Академияның негізгі жетістіктеріне қысқаша тоқталуды жөн көрдік.
Атап айтқанда, 2025 жылы:
- киберқауіпсіздік саласында халықаралық серіктестермен (Оңтүстік Корея, жетекші IT-холдингтер) ынтымақтастық нығайтылды;
- Конституцияның 30 жылдығына және Жеңістің 80 жылдығына арналған халықаралық ғылыми-практикалық конференциялар өткізілді;
- академиялық ұтқырлық аясында шетелдік курсанттарға арналған қысқамерзімді оқу курстары ұйымдастырылды;
- «Ұлы дала құқығы» атты заманауи аудитория ашылып, ұлттық құқықтық сана мен тарихи сабақтастықты нығайтуға бағытталған жүйелі жұмыстар жүргізілді;
- Педагогикалық шеберлік аудиториясы пайдалануға берілді;
- Академия кітапханасы құнды рухани және ғылыми еңбектермен толықтырылды;
- Қазақстан Республикасы Конституциясының 30 жылдығына орай құқық қорғау қызметіне арналған «30 жаңа оқулық» жобасы іске асырылды;
- оқу процесін тәжірибеге барынша жақындату мақсатында «Тергеуші кабинеті» ашылып, курсанттардың қылмыстық іс жүргізу дағдыларын жетілдіруге мүмкіндік жасалды;
- 53-шығарылым түлектеріне диплом табысталып, 1-курс курсанттары салтанатты түрде ант қабылдады;
- патриоттық тәрбие аясында ардагерлермен, қоғам қайраткерлерімен және ерлік көрсеткен қызметкерлермен тағылымды кездесулер ұйымдастырылды;
- спорт саласында стратегиялық серіктестіктер орнап, бірқатар ынтымақтастық меморандумдарына қол қойылды;
- әскери-патриоттық, мәдени және тәрбиелік бағыттағы іс-шаралар жүйелі түрде өткізілді.
Аталған жетістіктер Академия ұжымының «Заң мен тәртіп» қағидатын іске асыру жолындағы табанды еңбегінің айқын нәтижесі болып табылады.
Алдағы кезеңде де Қазақстан Республикасы ІІМ Бәрімбек Бейсенов атындағы Қарағанды академиясы Мемлекет басшысы мен Ішкі істер министрлігі айқындаған міндеттерге сәйкес, білімді, кәсіби әрі отансүйгіш офицерлерді даярлау ісін табысты жалғастыра береді.
Қазақстан Республикасы ІІМ Бәрімбек Бейсенов атындағы Қарағанды академиясы — дәстүр, даму және жауапкершілік жолында.
Обновлено: 31.12.2025 19:00



