204-оқу тобының курсанттарымен атыс даярлығы сабағы өтті
Четверг, 13 ноября 2025

Қазақстан Республикасы ІІМ Бәрімбек Бейсенов атындағы Қарағанды академиясының 204-оқу тобының курсанттарымен атыс даярлығы сабағы өткізілді. Бұл сабақ барысында курсанттар қарумен жұмыс істеудің негізгі қағидаларын меңгеріп, қауіпсіздік талаптарын орындау мен бастапқы атыс дағдыларын тәжірибе жүзінде пысықтады.
Оқытушылар курсанттарға тактикалық жағдайларда дұрыс шешім қабылдау, нысанаға дәл тигізу және қаруды тиімді қолдану тәсілдерін үйретті. Сабақ барысында курсанттар қаруды қолдану кезінде қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауға және әртүрлі жағдайларда жылдам әрі дұрыс әрекет етуге машықтанды.
Бұл сабақ болашақ офицерлердің кәсіби шеберлігін арттырып, сенімділік пен жауапкершілікті нығайтуға ықпал етті. Курсанттар өздерінің дағдыларын жетілдіріп, болашақ қызметтерінде қолдануға қажетті тәжірибе жинақтады.
Обновлено: 13.11.2025 12:43



