г. Караганда, Ермекова, 124

flag

РУС

Call-центр

1414

Телефон доверия

+ 7 (7212) 30-36-66

Приёмная комиссия

+7 (7212) 30-33-64

г. Караганда, Ермекова, 124

Call-центр 1414

25 апреля 2024

Ағымдағы жылдың 25 сәуір күні жалпы заң пәндері кафедрасының ұйымдастыруымен Кеңес Одағының ғалым-геологы, академик Қаныш Имантайұлы Сәтбаевтың 125 жылдық мерейтойына арналған «Сіз Шетелдердің мемлекет және құқық тарихын білесіз бе?» тақырыбында ЖОО-ның студенттері мен курсанттары арасында аймақтық пәндік викторинасы өткізілді. Викторинаға Академияның атынан «Lawyer» командасы және Академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды зерттеу университетінің «Juris Genius» командасы мен «Bolashaq» Академиясының «Әділет» командалары қатысты. Викторина келесідей төрт кезеңнен тұрды: 1 — кезең командалардың өздерін таныстыру, 2 — кезең сұрақ-жауап, 3 — кезең викторина тақырыбына эссе жазу, 4 – кезең капитандар жарысына арналды. Әр кезең бойынша командалардың табанды жарысының нәтижесінде 1-орныға Қарағанды академиясының «Lawyer» командасы, 2-орынға Қарағанды зерттеу университетінің «Juris Genius» командасы, 3 — орынға «Bolashaq» Академиясының «Әділет» командасы ие болды. Сондай-ақ викторина барысында Кеңес Одағының ғалым-геологы, академик Қаныш Имантайұлы Сәтбаевқа арналған қысқа метражды бейне ролик көрсетілді және викторинаның жанкүйерлері арасында іс-шара тақырыбына арналған сұрақтар қойылып, дұрыс жауап берген білім алушыларға сыйлықтар таратылды. Викторина соңында командалар Қазақстан Республикасы ІІМ Б. Бейсенов атындағы Қарағанды академиясы бастығының грамоталарымен марапатталды, кафедра тарапынан түрлі сыйлықтар беріліп, білім алушылар рухани азық алып, көтеріңкі көңіл күймен тарқасты.
ИРБИС система автоматизации библиоте
Дистанционное обучение
Лекториум
Результаты тестирования ЕНТ