26 февраля 2024
26 ақпанда Қарағанды облысының ПД жеке құрамымен әлеуметтік – құқықтық оқу бойынша «Қазақстан Республикасының мемлекет қайраткерлері» тақырыбында академияның жалпы заң пәндері кафедрасының аға оқытушысы, з.ғ.м., полиция майоры А.Е. Туткушев дәріс өткізді.
Іс-шара мақсаты полиция департаментінің жеке құрамымен мемлекетіміздің дамуына ерекше үлес қосқан тұлғалармен таныстыру болды.
Кафедра аға оқытушысы А.Е. Туткушев іс-шараның өзектілігі мен маңызына тоқтала отырып, алдағы уақытта осындай жеке құраммен кездесулердің өтуі маңызды екенін атып өтті.