г. Караганда, Ермекова, 124

flag

РУС

Call-центр

1414

Телефон доверия

+ 7 (7212) 30-36-66

Приёмная комиссия

+7 (7212) 30-33-64

г. Караганда, Ермекова, 124

Call-центр 1414

29 марта 2024

2024 жылғы 29 наурызда Академияның акт залында жалпы заң пәндері кафедрасы кәсіби даярлық факультетінің 1-3 курс курсанттарына арналған кафедра күнін өткізді. Кафедра бастығы полиция подполковнигі Д.Қ. Райбаев құттықтау сөз сөйлеп, қатысушыларды кафедраның қазіргі құрамымен таныстырды. Кездесу барысында курсанттардың назарына кафедраның жетістіктері туралы презентация мен бейнероликтер ұсынылды. Кафедраның қалыптасу және даму тарихы туралы кафедраның аға оқытушысы полиция полковнигі Г. А. Аубакирова курсанттарға жағымды эмоциялар мен естеліктер тудырған әр жылдар мен әріптестерінің естелік фотосуреттерімен бөлісті. Іс-шараның екінші жартысында Академия курсанттары, шақырылған қонақтар, С. Сейфуллин атындағы қазақ драма театрының актерлері және «Өркениет және сабақтас құқықтар мәселелері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы еріктілер қозғалысы» атты ғылыми үйірмесінің қатысушылары белсенді қатысты. Аталған іс-шара әріптестер мен жастардың жағымды атмосферасында өтті. Барлық қатысушыларға алғыс хаттар мен тәтті тосын сыйлар табыс етілді. Әсерлі эмоцияларға толы кафедра күні алдағы уақытта осындай іс-шараларды өткізу қажеттілігін тағы да көрсетті. Жылы атмосфера көрермендерді ұзақ уақыт бойы жағымды энергиямен, ең жылы, ең жақсы қуатпен жігерлендірді!
ИРБИС система автоматизации библиоте
Дистанционное обучение
Лекториум
Результаты тестирования ЕНТ