9 мамыр – Ұлы Жеңіс күніне ора
Пятница, 9 мая 2025

9 мамыр – Ұлы Жеңіс күніне орай Қарағанды қаласының орталық саябағында ҚР ІІМ Б. Бейсенов атындағы Қарағанды академиясы курсанттарының қатысуымен мазмұнды концерттік бағдарлама ұйымдастырылды.
Іс-шара барысында көрермендер назарына карабинмен саптық дефиле, барабаншылар шеруі, қоян-қолтық ұрыстың жауынгерлік тәсілдерінен көрініс ұсынылды. Сонымен қатар, курсанттар патриоттық ән шырқап, халық билерін орындап, көпшіліктің ерекше ықыласына бөленді.
Бұл көріністер – тәртіп пен рухтың, ерлік пен бірліктің белгісіне айналып, көрермендерге нағыз патриоттық сезім сыйлады.
Ұрпақ жадындағы ерлік – елдіктің мәңгілік естелігі.