к. Караганды, Ермеков, 124

Казахский

ҚАЗ

Call-орталығы

1414

Сенім телефоны

+ 7 (7212) 30-36-66

Қабылдау комиссиясы

+7 (7212) 30-33-64

г. Караганда, Ермекова, 124

Call-орталығы 1414

Ақсай қаласында құқықтық түсіндіру және кәсіби бағдар беру кездесуі өтті

Среда, 24 декабря 2025

Ағымдағы жылдың 24 желтоқсанында Бөрлі ауданының полиция бөлімінің ұйымдастыруымен Ақсай қаласының №4 мектебінде қала мектептерінің 11-сынып оқушыларына арналған кәсіби бағдар беру және құқықтық түсіндіру бағытындағы маңызды кездесу өтті.

Қазақстан Республикасы ІІМ Бәрімбек Бейсенов атындағы Қарағанды академиясының кәсіби даярлық факультеті бастығының орынбасары, полиция полковнигі Ахметжанова Надежда Николаевна кездесуге қатысып, академиядағы оқу үдерісі, мамандықтар бағыты, оқуға түсу талаптары мен құқық қорғау саласындағы қызметтің ерекшеліктері туралы жан-жақты ақпарат берді.

Қосымша білім беру факультетінің оқытушы-әдіскері, полиция аға лейтенанты Қабыкенқызы Бактылы білім алушылармен жұмыс барысындағы тәрбиелік бағыттарға тоқталып, құқық қорғау органдарында қызмет етудің жауапкершілігі туралы баяндады.

Сонымен қатар, Бөрлі ауданының полиция бөлімінің бастығының орынбасары, полиция подполковнигі Сапаргалиев Миргали Сапаргалиевич ҚР ІІМ Академияларына оқуға түсуге қажетті ақпаратпен бөлісіп, құқықбұзушылықтың салдары және жасөспірімдер арасындағы заңға қайшы әрекеттердің жауапкершілігі жөнінде түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Шараның негізгі мақсаты – оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру, зиянды әдеттердің алдын алу және болашақ мамандықты саналы түрде таңдауға бағыт беру болды.

Кездесуге қала мектептерінен 150 оқушы қатысты. Оқушылар тарапынан қойылған сұрақтарға нақты жауаптар беріліп, мазмұнды пікір алмасу ұйымдастырылды.

Обновлено: 24.12.2025 19:37

ИРБИС система автоматизации библиоте
Дистанционное обучение
Лекториум
Результаты тестирования ЕНТ