Қарағанды облысының жоғары оқу орындары арасында пікірталас турнирін ұйымдастырды
Понедельник, 22 мая 2023
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаменті мен ІІМ Қарағанды академиясымен бірлесіп, Қарағанды облысының жоғары оқу орындары арасында пікірталас турнирін ұйымдастырды.
Турнирдің мақсаты:
- жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті насихаттау және сыбайлас жемқорлықтан бас тарту, жастардың адалдығын қалыптастыру.
Турнирдің міндеттері: - Сыни және талдамалық ойлауды, шектеулі уақыт жағдайында шешім қабылдау дағдыларын дамыту;
- Қатысушылардың коммуникативтік және басқарушылық құзыреттілігін, олардың көшбасшылық және ұйымдастырушылық қабілеттерін дамыту;
- Қоғамдық бастаманы, жеке белсенділікті және мүдделі азаматтық ұстанымды қалыптастыру;
- Жастарды түрлі жастар мәселелерін талқылауға тарту.
Пікірсайыста жеңімпаздарды төрешілер тобы анықтады.
Қорытынды бойынша:
Қазақ лигасы:
1 орын-ҚР ІІМ Б. Бейсенов атындағы Қарағанды академиясы
2 орын-Е. Букетов атындағы Қарағанды университеті
3 орын — Қарағанды медициналық университеті , Қарағанды политехникалық университеті.
Орыс Лигасы:
1 орын-Қазтұтынуодағы Қарағанды университеті
2 орын-ҚР ІІМ Б. Бейсенов атындағы Қарағанды академиясы
Пікірсайыс қорытындысы бойынша жеңімпаз командалар Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаменті басшысының дипломдарымен және кубоктарымен марапатталды.