Ардагерлердің «Мәңгілікке аттанғандар» мемориалына тағзымы
Пятница, 17 октября 2025

Бүгін Қазақстан Республикасы ІІМ Бәрімбек Бейсенов атындағы Қарағанды академиясының ардагерлері «Мәңгілікке аттанғандар» мемориалына гүл шоқтарын қойып, ел қорғау жолында ерлікпен қаза тапқан әріптестердің рухына тағзым етті.
Бұл игі дәстүр – ұрпақтар сабақтастығы мен ерлікке тағзымның айғағы. Ардагерлер жас буынға Отанға адал қызмет етудің, ел алдындағы борышқа беріктіктің мәнін үлгі етті. Олар өздерінің өмірлік тәжірибелерімен бөлісіп, жас ұрпаққа патриоттық тәрбие берудің маңыздылығын атап өтті.
Қазақстан Республикасы ІІМ Бәрімбек Бейсенов атындағы Қарағанды академиясы ардагерлерінің бұл іс-шарасы жас буынға үлгі болып, олардың бойында патриоттық сезімді нығайтуға ықпал етеді. Ардагерлердің ерліктері мен қызметтері жас ұрпаққа Отанға деген сүйіспеншілікті арттыруға және ел алдындағы борышты адал атқаруға ынталандырады.
Обновлено: 17.10.2025 11:04