к. Караганды, Ермеков, 124

flag

ҚАЗ

Call-орталығы

1414

Сенім телефоны

+ 7 (7212) 30-36-66

Қабылдау комиссиясы

+7 (7212) 30-33-64

г. Караганда, Ермекова, 124

Call-орталығы 1414

Атыраулық полицейлер ұстаздарын кәсіби мерекемен құттықтады

Пятница, 3 октября 2025

Атырау облысы полиция департаментінде қызмет атқарып жүрген 200-ден астам полицей Қазақстан Республикасы ІІМ Бәрімбек Бейсенов атындағы Қарағанды академиясының түлектері болып табылады.

Бұл білім ордасында жас курсанттар құқық қорғау саласының қыр-сырына үйретіліп, мамандыққа бейімделіп, өмірлік жолына бағыт алады. Саналы ғұмырын шәкірт тәрбиелеуге арнаған ұстаздардың еңбегі ерекше бағаланады. Осы ардақты ұстаздарға атыраулық полицейлер кәсіби мерекеге орай бейнеүндеу жолдап, жылы лебіздерін білдірді.

«Бүгінгі күні халыққа адал қызмет етіп жүргеніміз – ұстаздарымыздың берген білімі мен тәрбиесінің жемісі. Біз олардың сенімін ақтап, ел игілігі үшін қызмет етуге міндеттіміз», – дейді тілек білдіруші полицейлер.

Полиция қызметкерлері атап өткендей, ұстаздардың қажырлы еңбегі шәкірттерінің жетістігі арқылы бағаланады. Қазақстан Республикасы ІІМ Бәрімбек Бейсенов атындағы Қарағанды академиясында алған білім мен тәлім бүгінде қоғамдық тәртіп пен халық қауіпсіздігін қорғауда өз үлестерін қосуда.

ИРБИС система автоматизации библиоте
Дистанционное обучение
Лекториум
Результаты тестирования ЕНТ