Б. Бейсеновке тағзым — ерлікке құрмет
Пятница, 9 мая 2025

Ұлы Жеңістің 80 жылдығы аясында ҚР ІІМ Б.Бейсенов атындағы Қарағанды академиясының басшылығы Академияның негізін қалаушы, алғашқы басшысы, Ұлы Отан соғысының ардагері Бәрімбек Сәрсенұлы Бейсеновтің ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, тағзым етті.
Бәрімбек Бейсенов — ел қорғау ісінде де, бейбіт өмірде де адал қызмет еткен қайраткер. Ол 1942 жылы майданға аттанып, Отан үшін от кешкен жауынгер. Соғыстан кейін ішкі істер органдарында табанды еңбек етіп, еліміздің құқық қорғау саласының дамуына зор үлес қосты. Білікті басшы, ұлағатты ұстаз ретінде талай жас офицерлерге жол көрсетті.
Оның есімімен аталатын Академия бүгінде ел тыныштығын күзететін кәсіби мамандарды даярлап келеді. Бейсеновтің өмірі — ұрпаққа үлгі, оның ерлігі мен еңбегі — мәңгі жадымызда.