
Қазақстан Республикасы ІІМ Б.Бейсенов атындағы Қарағанды академиясының бастығы
полиция полковнигі
Биекенов Нұрлан Амангелдіұлы
Начальник Карагандинской академии МВД Республики Казахстан имени Б. Бейсенова
полковник полиции
Биекенов Нурлан Амангелдинович
Биекенов Нұрлан Амангелдіұлы, полиция полковнигі, заң ғылымдарының докторы, профессор, 2024 жылдың желтоқсан айынан бастап Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Б.Бейсенов атындағы Қарағанды академиясының бастығы.
1969 жылы 4 ақпанда Ақтөбе облысы, Шалқар қаласында дүниеге келген.
1987-1989 жылдар аралығында әскери борышын өтеген.
1994 жылы Қарағанды мемлекеттік университетінің заң факультетін үздік бітірді.
1994 жылдан 2004 жылға дейін ІІМ Қарағанды жоғары мектебінің (институтының) педагогикалық ұжымында (оқытушы, аға оқытушы, бөлім бастығы) әртүрлі қызметтерді атқарған.
2004-2006 жылдары Ішкі істер министрлігі Кадр жұмысы департаменті оқу орындары басқармасының бастығы;
2006-2009 жылдары Ресей Федерациясы Ішкі істер министрлігінің Басқару академиясының докторантурасында оқыды.
2010 жылғы қаңтардан 2019 жылғы наурызға дейін – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Құқық қорғау жүйесі бөлімінің сарапшысы, сектор меңгерушісі.
2019 жылдың сәуірінен 2022 жылдың маусымына дейін — Шрақбек Қабылбаев атындағы Ішкі істер министрлігінің Қостанай академиясының бастығы.
2022 жылғы тамыздан 2023 жылғы тамызға дейін — Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Қауіпсіздік және құқық тәртібі бөлімінің сектор меңгерушісі, 2023 жылғы қыркүйектен желтоқсанға дейін — Құқық қорғау жүйесі бөлімінің сектор меңгерушісі.
2024 жылғы қаңтар-маусым аралығында — Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Құқық қорғау жүйесі бөлімі меңгерушісінің орынбасары.
2024 жылдың шілде-қараша айлары аралығында Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің Ахуалдық орталығы басшысының орынбасары болды.
2024 жылдың желтоқсан айынан бастап Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Б.Бейсенов атындағы Қарағанды академиясының бастығы.
2-дәрежелі «Айбын» орденімен, «Ерен еңбегі үшін» медалімен және түрлі ведомстволық наградалармен марапатталған.