г. Караганда, Ермекова, 124

flag

РУС

Call-центр

1414

Телефон доверия

+ 7 (7212) 30-36-66

Приёмная комиссия

+7 (7212) 30-33-64

г. Караганда, Ермекова, 124

Call-центр 1414

Білекті бірді жығады, білімді мыңды жығады

Среда, 14 февраля 2024

Құрметті достар!

Адамзат баласының қол жеткізген игіліктерінің бірі – білім қазынасы. Дана халқымыз «Білекті бірді жығады, білімді мыңды жығады» деп бекер айтпаса керек. Кітап білімімізді молайтады, кітаптан көп үлгі-өнеге мен тәрбие аламыз. Кез келген елдің тарихын, жүріп өткен жолын баян ететін де сол кітап.

2023 жылы курсанттардың ант қабылдау рәсімі кезінде 300 мың кітаптармен жинақталған Қарағанды Академиясы кітапханасына Академияның дамуы мен өркендеуіне үлкен үлес қосқан басшылардың бірі Кенжетаев Джан Табылдыұлының есімі салтанатты түрде берілді.

Ең қымбат сыйлық – кітап. Кітап сыйлаған адам кітап оқудың зор ғанибет екенін түсінеді. Бұл ең алдымен өзіңді рухани жетілдіру. 9 ақпан кітапхана қорына Джан Кенжетаевтан 170 дана көркем әдебиет жанрндағы кітаптар сыйға берілді. Курсанттарымыздың рухани және шағармашылық дамуында үлкен рөл атқаратын осы кітаптар үшін полиция генерал-майоры Кенжетаев Джан Табылдыұлына алғыс білдіреміз!

ИРБИС система автоматизации библиоте
Дистанционное обучение
Лекториум
Результаты тестирования ЕНТ