к. Караганды, Ермеков, 124

flag

ҚАЗ

Call-орталығы

1414

Сенім телефоны

+ 7 (7212) 30-36-66

Қабылдау комиссиясы

+7 (7212) 30-33-64

г. Караганда, Ермекова, 124

Call-орталығы 1414

Біліктілікті арттыру курстарының табысты аяқталуы

Суббота, 20 сентября 2025

2025 жылдың 15-20 қыркүйек аралығында Қазақстан Республикасы ІІМ Бәрімбек Бейсенов атындағы Қарағанды академиясының қосымша білім беру факультетінде «Бастапқы тергеу әрекетін жүргізу кезіндегі тактика және әдістеме, Қазақстан Республикасы қылмыстық заңнамасын жаңғырту аясындағы сот төрелігінің үш буынды моделі» тақырыбы бойынша біліктілікті арттыру курстары өткізілді. Бұл курстарға Көліктегі ПД, Ұлттық Ұланның тергеу және анықтау бөліністерінің 24 қызметкері қатысты.

Курсты табысты аяқтаған қызметкерлерге Қазақстан Республикасы ІІМ Бәрімбек Бейсенов атындағы Қарағанды академиясының бастығы, полиция полковнигі Нұрлан Амангелдіұлы Биекенов арнайы сертификаттар табыстады. Ол қызметкерлерге алдағы уақытта қызметтерінде сәттіліктер тілеп, олардың кәсіби дамуына үлкен үлес қосқанын атап өтті.

Бұл курстардың мақсаты – тергеу әрекеттерін жүргізу кезінде қолданылатын тактика мен әдістемені жетілдіру, сондай-ақ Қазақстан Республикасының қылмыстық заңнамасын жаңғырту аясындағы сот төрелігінің үш буынды моделін тереңірек түсіну болып табылады. Қатысушылар жаңа білім мен дағдыларды меңгеріп, оларды өз қызметтерінде тиімді қолдануға мүмкіндік алды.

ИРБИС система автоматизации библиоте
Дистанционное обучение
Лекториум
Результаты тестирования ЕНТ