Білім күніне орай мектептерде кездесулер өтті
Вторник, 2 сентября 2025

Қазақстан Республикасы ІІМ Бәрімбек Бейсенов атындағы Қарағанды академиясының басшылығы Білім күні қарсаңында жалпы білім беретін мектептерге барып, оқушылармен, оның ішінде жас сақшы сыныптарымен кездесті. Академия өкілдері мектеп ұжымын және оқушыларды жаңа оқу жылының басталуымен құттықтап, алдағы білім сапарына толағай табыс тіледі.
Кездесу барысында оқушыларға жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтау, тәртіпті болу, кітап оқуға және білім алуға көбірек уақыт бөлу жөнінде өнегелі насихат айтылды. Сонымен қатар, мектеп оқушыларының құқықтары мен міндеттері түсінікті әрі қолжетімді түрде жеткізілді.
Бұл игі іс-шара жас ұрпақты жауапкершілікке, білімге құштарлыққа және тәртіпке тәрбиелеуге бағытталды.