Бүгін ІІМ Қарағанды академиясы басшылығының шақыруымен ішкі істер органдарының құрметті ардагері
Среда, 21 февраля 2024
Бүгін ІІМ Қарағанды академиясы басшылығының шақыруымен ішкі істер органдарының құрметті ардагері, КСРО ІІМ және ҚР ІІМ еңбек сіңірген қызметкері, профессор, отставкадағы милиция генерал-майоры Осман-Рустамбек Бижігітов Академия тыңдаушыларымен кездесті.
Осман-Рустамбек Байгенженұлының сапары тәлімгерлік миссия аясында өтті: ұрпақтар сабақтастығы және ІІО ардагерлерін патриоттық тәрбиелеуге қатысу оқу процесінің ажырамас бөлігі болып табылады.
Милиция генерал-майоры тыңдаушылармен қызмет туралы естеліктерімен бөлісті, офицерлік жолдың қызықты жағдайлары туралы айтты.
«Жаңа форматтағы полиция қызметкері мемлекет пен қоғамның даму қарқынына сәйкес келуі тиіс, — деп атап өтті Осман-Рустамбек Байгенженұлы, — Ел Президенті ішкі істер органдары қызметкерлерінің алдына 21 ғасырдың талаптарына сай болу, жоғары кәсібилікке, тазалық пен әдептілікке ие болу, өз елінің патриоты болу міндетін қояды. Ел басшылығы жүзеге асыратын құқық қорғау жүйесін реформалау бірінші кезекте сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайтуға, азаматтарымыздың құқықтары мен бостандықтарын және мемлекет мүдделерін берік қорғауға бағытталған», — деп қорытындылады құрметті ардагер.
Осман-Рустамбек Байгенженұлына сапары үшін алғыс айтамыз және біздің Академияда көруге әрқашан қуаныштымыз!