Киберқауіпсіздік және ақпараттық технологиялар кафедрасының
23-29 мамыр 2024
Киберқауіпсіздік және ақпараттық технологиялар кафедрасы азаматтардың ақшалай қаражатын ұрлаудың алдын алуға бағытталған алдын алу шараларын жүргізу контекстінде түсіндірме сипаттағы ақпаратты (бейнероликтерді) жариялады.
20 мамыр-7 маусым 2024
АҚШ Елшілігі ҚР ІІМ Б. Бейсенов атындағы Қарағанды академиясының базасында терроризмге қарсы көмек бағдарламасы шеңберінде «Террористік әрекеттің жолын кесу (ITA)» тақырыбында оқу курсын өткізді. Аталған іс-шараға ҚР ІІМ, Прокуратура және оқу орындарының қызметкерлері қатысты.
19 сәуір 2024
Киберқауіпсіздік және ақпараттық технологиялар кафедрасының профессорлық-оқытушылық құрамы тұрақты негізде КДФ 3 курс білім алушылары үшін практикалық сабақтар өткізеді! «Цифрлық криминалистика» оқу пәні аясында курсанттар цифрлық дәлелдемелермен жұмыс істеудің іргелі негіздерін зерделейді. Сабақ барысында курсанттар цифрлық іздерді талдау және ақпараттық технологиялармен жұмыс жасау кезінде өздерінің дағдыларын дамытады. Бұл білім олардың болашақ қызметінде таптырмас құрал болатынына сенімдіміз.
12 сәуір 2024
ІІМ Қарағанды академиясында Қарағанды қаласының 90 жылдығына арналған «Заң ғылымын дамытудың заманауи тенденциялары» атты Халықаралық ғылыми-теориялық конференция өтті. Пленарлық отырыс аяқталғаннан кейін барлық қатысушылар бірнеше секцияларға бөлінді. Криминалистика, киберқауіпсіздік және ақпараттық технологиялар және жедел - іздестіру қызметі кафедралары «Құқықтық қорғау және қауіп-қатерлерге ден қою: қорқыту, киберқылмыс, синтетикалық есірткі» секциясының жұмысын ұйымдастырды. Конференция барысында баяндамашылар өздерінің ғылыми жұмыстарын оқып, презентацияларын көрсетті. Конференция соңында барлық қатысушылар өздерінің эмоцияларымен бөлісіп, өздерін қызықтырған сұрақтарын қойды. Қарағанды академиясы конференцияның барлық қатысушыларына алғысын білдіріп, барлық бастамаларына сәттілік тілейді.



