Криминалистика кафедрасы
шілде 2024
«Қылмыстардың жекелеген түрлерін тергеп-тексеру әдістемесі» оқу құралы әзірленді. Авторы: Б.Е. Искакова
15 маусым 2024
ҚР ІІМ Б.Бейсенов атындағы ҚА "Тыңдаушылар мен курсанттар арасындағы үздік ғылыми жұмыс" конкурсы аясында. криминалистика кафедрасының доценті, полиция подполковнигі Б.Е. Искакованың жетекшілігімен КДФ 3 курс курсанттары О.Е. Әділхан және Ж.Е. Жалил "Интернет – алаяқтықтың алдын алу және оған қарсы күрес" тақырыбында ғылыми жұмыс әзірледі. Бұл жұмыс Қазақстан Республикасы ІІМ жоғары оқу орындары арасындағы қорытынды турға қатысу үшін ҚР ІІМ-ге жолданды. "Сот фотосуреті" оқу құралы дайындалды Авторлар: А.Г. Еленюк А.Б. Сакенова К.Ю. Ополонина Ж.Е. Айтжанов Т.М. Карл М.Е. Кашенов
3-7 маусым 2024
2024 жылғы маусым айының 3-7 аралығында Ресей ІІМ Омбы академиясының базасында ІІО (полиция) және ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің ішкі әскерлері үшін кадрларды даярлау туралы Келісім шеңберінде (26.11.2007 ж.) криминалистика кафедрасының доценті полиция подполковнигі Б.Е. Искакова "Мобильді және цифрлық криминалистика негіздері" тақырыбында біліктілікті арттыру курстарынан өтті.
31 мамыр 2024
2023-2024 оқу жылына арналған Қазақстан Республикасының әскери және арнаулы оқу орындары арасындағы академиялық алмасу бойынша профессорлық-оқытушылық құрамы пулының шеңберінде Қазақстан Республикасы Ұлттық ұлан академиясының Жедел өнер және моральдық-психологиялық қамтамасыз ету кафедрасының бастығы полковник Шапашев М.А.-мен «Жоғары әскери мектеп педагогикасы» тақырыбына сабақ өтті. Дәріске Қарағанды академиясының оқытушылары қатысты. Онлайн режимінде өткен дәріс жиналғандардың үлкен қызығушылығын тудырып, соңында қызу пікірталастарға ұласты. Мұрат Асқарұлына берілген материал үшін шын жүректен алғыс айтамыз.
21 мамыр 2024
310 оқу тобы Суық қаруды зерттеу пәні бойынша тақырып №1 «Сұқпасыз суық қаруды зерттеу» практикалық сабағына Қарағанды қаласы ПБ Оңтүстік-Шығыс ПБ ЖКБ аға криминалисі полиция майоры Е.Молдабеков қатысты.
20 мамыр — 07 маусым 2024
АҚШ Мемлекеттік департаментінің (ATA) және Астанадағы АҚШ Елшілігінің терроризмге қарсы көмек бағдарламасы шеңберінде (ITA) террористік әрекеттің жолын кесу бойынша Қазақстан Республикасы ІІМ Б.Бейсенов атындағы Қарағанды академиясының базасында 2024 жылғы мамыр айының 20 мен маусым айының 07 аралығында кафедра оқытушысы полиция аға лейтенанты М. Е. Кашенов «(ITA) террористік әрекеттің жолын кесу» тақырыбындағы оқу іс-шараларына қатысты.
13-17 мамыр 2024
2024 жылғы мамыр айының 13-17 аралығында Астана қаласы ҚР Бас прокуратурасы жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының базасында Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының хатшылығы ұйымдастырған "Орталық Азиядағы киберқылмысқа қарсы күрес бойынша әлеуетті арттыру" жобасы аясында кафедра оқытушысы полиция аға лейтенанты М.Е. Кашенов «Онлайн тергеп-тексеру және (OSINT) ашық көздерден жедел деректерді іздеуге кіріспе" тақырыбындағы семинарға қатысты.
6-17 мамыр 2024
Халықаралық полиция академиялары қауымдастығының (INTERPA) жобаларын іске асыру шеңберінде Анкара қаласында Түркия ұлттық полициясының авиация департаменті (Havacılık Dairesi Başkanlığı) базасында 2024 жылғы мамыр айының 6-17 аралығында криминалистика кафедрасының аға оқытушысы полиция аға лейтенанты Д.А. Ахметов "Микро пилотсыз ұшу аппараттары мен шағын ұшқышсыз ұшу аппараттарын пайдаланушыларды оқыту" тақырыбында біліктілікті арттыру курстарынан өтті.
2 мамыр 2024
Кафедра қызметкерлері (М.Е. Кашенов) "ҚР ІІМ ведомстволық білім беру мекемелерінде білім беру қызметін ұйымдастыруды реттейтін нормативтік құқықтық актілерді жетілдірудің өзекті мәселелері" дөңгелек үстелге қатысты. ҚР ІІМ М. Бөкенбаев атындағы Ақтөбе институты. Ақтөбе қ.
30 сәуір 2024
204 оқу тобы Криминалистика пәні бойынша тақырып «Есірткі немесе психотроптық заттардың заңсыз айналымын тергеп-тексеру әдістемесі» практикалық сабағына Қарағанды облысы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының профилактика бөлімінің бастығы полиция подполковнигі Д.Жакудаев қатысты.
26 сәуір 2024
Криминалистика кафедрасының профессорлық-оқытушылық құрамы және кәсіби даярлық факультетінің 3 курс курсанттарымен Жоғары Сот Кеңесінің мүшесі Ернар Бегалиевпен кездесу өткізгендігі туралы баяндаймын. Академия курсанттарымен кездесу барысында профессор Е.Бегалиев «Азаматтардың жекелеген санаттарын чиптеу институтын енгізу» тақырыбы бойынша баяндамасында болашақ криминалистерді осы салада туындайтын проблемалармен, осы технологияны қолданудың артықшылықтары мен кемшіліктерімен таныстырды. Баяндама курсанттар мен профессорлық-оқытушылық құрамның қызығушылығын тудырды.
25 сәуір 2024
"Криминалистика" пәні бойынша қашықтықтан оқытудың 3 курс (2021 ж.а.) білім алушыларынан мемлекеттік емтихан қабылдау 2024 жылғы сәуір айының 25 күні ауызша нысанда жүзеге асырылды. Мемлекеттік емтиханнан төрт білім алушы да өтті.
24-25 сәуір және 8-10 мамыр 2024
2024 жылғы сәуір айының 24-25 және мамыр айының 08-10 аралығында "Криминалистика" пәні бойынша КДФ-нің 4 курсынан "ІІО ЖКҚ" мамандануы бойынша мемлекеттік емтихан қабылданды, барлық 48 курсант емтиханнан өтті.
20 сәуір 2024
Қарағанды академиясында "баллистика және баллистикалық зерттеу"пәні бойынша Қазақстанның жедел-криминалистикалық бөлімшелері қызметкерлерінің емтиханы өтті. Емтиханды ІІМ БҚҚ өкілдері ZOOM платформасында онлайн форматта қабылдады. Үш апта ішінде криминалистика кафедрасының оқытушылары жұмыс істейтін қызметкерлерді дайындады, сондықтан бірде-бір "екі" жоқ!
15 сәуір 2024
Қазақстан Республикасы ІІМ Қарағанды академиясында «Жастар және қазіргі мемлекет: әлеуметтік-құқықтық өзара іс-қимыл мәселелері» атты халықаралық ғылыми-теориялық конференция өтті, онда Криминалистика кафедрасының оқытушылары және КДФ курсанттары қатысты. «Қылмысқа қарсы күрестің қылмыстық-процестік, криминалистикалық және жедел-іздестіру аспектілері» 3-секциясының модераторы болып криминалистика кафедрасының оқытушысы М.Е.Кашенов тағайындалды. Секцияға Ресей, Беларусь және Қазақстаннан 29 курсант пен студенттер қатысты.
12 сәуір 2024
Кафедра қызметкерлері (Ж.Е. Айтжанов, Н.М. Жүнусова, Т.М. Карл) Қарағанды қаласының 90-жылдығына арналған "Заң ғылымын дамытудың заманауи тенденциялары" атты жас ғалымдардың халықаралық конференциясына қатысты. ҚР ІІМ Б.Бейсенов атындағы ҚА.
7 сәуір 2024
Әл-Фараби атындағы Алматы университетінің заң факультетінде криминалисттардың жыл сайынғы «CrimEx 2024» байқауы өтті. Жарысқа 16 команда қатысты. Қарағанды академиясы жалпы командалық есепте 5-ші орынды иеленді. Байқау «Жәкішев оқулары» атты жыл сайынғы дәстүрлі ғылыми-теориялық конференциямен аяқталды.
5 сәуір 2024
Кафедра қызметкерлері (Н.Б. Жақсылықова) "Заманауи жағдайдағы криминалистика және сот сараптамасы (рөлі, маңызы және даму перспективалары)" халықаралық ғылыми-практикалық конференциясына қатысты (жыл сайынғы 22-ші Жәкішев оқулары). Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Алматы қ.
1-20 сәуір 2024
2024 жылғы сәуір айының 01-20 аралығында Қазақстан Республикасы ІІМ Жедел-криминалистикалық бөліністерінің бөлім бастықтары, бөлім бастықтарының орынбасарлары, бас, аға криминалистер, криминалистері үшін "Баллистикалық зерттеу әдістемесі" біліктілікті арттыру курсы өткізілді. Емтихан нәтижелері бойынша оң баға алған 23 тыңдаушыға баллистикалық зерттеу жүргізу құқығына рұқсат берілді және "Баллистикалық зерттеу әдістемесі" біліктілікті арттыру туралы сертификат берілді.
21наурыз 2024
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қарағанды академиясының 2-дәріс залында «Сіз криминалистиканы білесіз бе?» викторинасы өтті. Викторинаға 2 курс курсанттары (2022 ж.а.) қатысты. Викторина 8 турдан тұрды және шығармашылық және практикалық тапсырмаларды қамтыды. Викторина соңында әділқазылар 3 команданың ұпайларын есептеп, жеңімпаздарға сыйлықтар табыс етті.
11 наурыз 2023
307 оқу тобы Суық қаруды зерттеу пәні бойынша тақырып №1 «Сұқпасыз суық қаруды зерттеу» практикалық сабағына Қарағанды қаласы ПБ Оңтүстік-Шығыс ПБ ЖКБ аға криминалисі полиция капитаны А.Каримбеков қатысты.
1 наурыз 2024
Аумақтық жедел-криминалистикалық және тергеу бөліністерінің практикалық қызметкерлерімен бірлесе отырып "Қылмыстарды ашу мен тергеп-тексеруді криминалистикалық қамтамасыз етудің өзекті мәселелері" атты дөңгелек үстел өткізілді
24 ақпан 2024
Қарағанды академиясында "Трасология және трасологиялық зерттеу"пәні бойынша Қазақстанның жедел-криминалистикалық бөлімшелері қызметкерлерінің емтиханы өтті. Емтиханды ІІМ БҚҚ өкілдері ZOOM платформасында онлайн форматта қабылдады. Үш апта ішінде криминалистика кафедрасының оқытушылары жұмыс істейтін қызметкерлерді дайындады, сондықтан бірде-бір "екі" жоқ!
23 ақпан 2024
Кафедра қызметкерлері (А.Б. Сакенова, А.С. Тулеуова, Н.М. Жүнусова) Петропавл қаласындағы М.Қозыбаева атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті тіл және әдебиет Институтында өткен "ҚР Ұлттық ұланы әскери ұжымында саяси мәдениеттік құзыретті қалыптастыру" Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясына қатысты.
22 ақпан 2023
207 оқу тобы Дактилоскопия және дактилоскопиялық зерттеулер пәні бойынша тақырып №3. «Адам қолының іздері:пайда болу механизмі, табу, анықтау,бекіту және алдын алудың ережелері мен әдістері» практикалық сабағына Қарағанды қаласы ПБ Оңтүстік-Шығыс ПБ ЖКБ бастығы полиция майоры С.Мергенов.
20 ақпан 2024
«Студенттер мен курсанттар арасындағы үздік ғылыми жұмыс» байқауы аясында Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Б.Бейсенов атындағы Қарағанды Академиясы кафедра доцентінің жетекшілігімен криминалистика, полиция подполковнигі Б.Е. Искакова ФПП 3 курс курсанттары Әділхан О.Е. және Ж.С. Жалил «Интернет – алаяктықтың алдынан алу және оған қарсы күрес» тақырыбында ғылыми жұмыс дайындады. Бұл жұмыс Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігіне жолданып, 3-орынға ие болды.
19 ақпан 2024
206 оқу тобы Криминалистика пәні бойынша тақырып №18. «Қарап тексеру және куәландыру тактикасы» практикалық сабағына Қарағанды қаласы ПБ Михайловка ПБ ТБ бастығының орынбасары полиция аға лейтенанты О.А.Жакулин «Zoom» бейнеконференцияларды, онлайн кездесулерді өткізуге арналған қосымшасы арқылы қатысты.
7-9 ақпан, 10-12 сәуір 2024
Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы жанындағы Құқық қорғау органдары академиясы халықаралық көші-қон ұйымымен бірлесе отырып ұйымдастырған Қазақстан Республикасында адам саудасына қарсы іс-қимыл саласындағы ұлттық жаттықтырушыларды даярлау шеңберінде 2024 жылғы ақпан айының 07-09, сәуір айының 10-12 аралығында INL/АҚШ Елшілігінің қаржылық қолдауымен кафедраның аға оқытушысы полиция капитаны Н.Б. Жақсылықова және кафедра оқытушысы полиция аға лейтенанты Д.А. Ахметов Қазақстан Республикасында адам саудасына қарсы іс-қимыл саласындағы ұлттық жаттықтырушыларды даярлау жөніндегі тренингке қатысты.
25-28 желтоқсан 2023
2023 жылғы желтоқсан айының 25-28 аралығында "Дактилоскопия және дактилоскопиялық зерттеулер" пәні бойынша КДФ 3 курс курсанттарында ZOOM платформасында онлайн форматта емтихан өткізілді. Қорытындысы бойынша барлық 43 курсант осы зерттеулерді жүргізу құқығына рұқсат алды.
19-22 желтоқсан 2023
2023 жылғы желтоқсан айының 19-22 аралығында "Баллистика және баллистикалық зерттеулер" пәні бойынша КДФ 4 курс курсанттарына емтихан өткізілді. Қорытындысы бойынша 45 курсант зерттеу жүргізу құқығына рұқсат алды.
4-9 желтоқсан 2023
2023 жылғы желтоқсан айының 04-09 аралығында Қазақстан Республикасы ІІМ Тергеу бөліністерінің әйел тергеушілері үшін біліктілікті арттыру курсы өткізілді.
2 желтоқсан 2023
2023 жылғы желтоқсан айының 02 күні Қарағанды академиясында "баллистика және баллистикалық зерттеу"пәні бойынша Қазақстанның жедел-криминалистикалық бөлімшелері қызметкерлерінің емтиханы өтті. Емтиханды ІІМ БҚҚ өкілдері ZOOM платформасында онлайн форматта қабылдады. Үш апта ішінде криминалистика кафедрасының оқытушылары жұмыс істейтін қызметкерлерді дайындады, сондықтан бірде-бір "екі" жоқ!
1 желтоқсан 2024
Қазақстан Республикасы ІІМ Б.Бейсенов атындағы Қарағанды академиясының 4 қызметкері. "Құжаттарды техникалық-криминалистикалық зерттеу әдістемесі" біліктілікті арттыру курсынан өтті. Кафедра доценті К.Ю. Ополонина, аға оқытушы Ж.Е. Айтжанов, оқытушылар: Т.М. Карл және М.Е. Кашенов емтихан нәтижелері бойынша осы зерттеуді жүргізу құқығына рұқсат алды.
01 желтоқсан 2023
2023 жылғы желтоқсан айының 01 күні Қазақстан Республикасы ІІМ Жедел-криминалистикалық бөліністерінің бас, аға криминалистері, криминалистері үшін "Құжаттарды техникалық-криминалистикалық зерттеу әдістемесі" біліктілікті арттыру курсынан емтиханы өткізілді. Емтиханға Қазақстан Республикасы ІІМ ЖҚБ-нің 21 қызметкері және Қазақстан Республикасы ІІМ Б.Бейсенов атындағы Қарағанды академиясының 4 қызметкері жіберіліп, олардың барлығы білім беру курсынан толық өтті. Емтихан нәтижелері бойынша барлық қызметкерлерге құжаттарды техникалық-криминалистикалық зерттеу жүргізу құқығына рұқсат берілді және "Құжаттарды техникалық-криминалистикалық зерттеу әдістемесі" бойынша біліктілікті арттыру туралы сертификат берілді.
27 қараша — 12 желтоқсан 2023
2023 жылғы қараша айының 27-нен желтоқсан айының 12-не дейінгі мерзім аралығында Қазақстан Республикасы облыстарындағы ПД ТБ тергеушілері, аға тергеушілері үшін біліктілікті арттыру курсы өткізілді.
13 қараша 2023
2023 жылғы қараша айының 13 күні 4 курс курсанттарына тақырып «Тактика осмотра и освидетельствования потерпевшего женского пола» Қарағанды облысы бойынша сот сараптамалары Институтының сарапшысы К.Э.Доблер.
13-18 қараша 2023
2023 жылғы қараша айының 13-18 аралығында Қазақстан Республикасы ІІМ ӨҚД және ӨҚБ тергеушілері үшін біліктілікті арттыру курсы өткізілді.
10 қараша 2023
Кафедра бейіндік магистратурада "Ішкі істер органдарының қызметін криминалистикалық қамтамасыз ету" пәнін, ғылыми-педагогикалық магистратурада "Криминалистиканың әдіснамалық мәселелері" пәнін оқытуды қамтамасыз етті. Докторантура бойынша "Криминалистикалық теориялардың қазіргі жағдайы мен даму тенденциялары" оқу пәнін оқытуды қамтамасыз етті. Дәріс, семинар және практикалық сабақтарды заң ғылымдарының кандидаты А. Г. Еленюк жүргізді.
5 қараша 2023
2023 жылғы қараша айының 05 күні Қарағанды академиясының акт залында криминалистика кафедрасының күніне арналған іс-шара өтті. Іс-шараға криминалистика кафедрасының оқытушылары мен 2 және 3 курс ФПП курсанттары қатысты. Іс-шара жоғары деңгейде өтті. Музыка, байқаулар мен күлкі таңертеңгі тыныштықты өшірді. Конкурстар кезінде ең белсенді курсанттар бір-бірінің арасындағы жарыстан эмоциялар теңізін және, әрине, тәтті сыйлықтар алды. Криминалистика кафедрасы барлығына жақсы көңіл-күй мен мықты денсаулық тілейді!
28 казан 2023
2023 жылғы казан айының 28 күні Қарағанды академиясында "баллистика және баллистикалық зерттеу"пәні бойынша Қазақстанның жедел-криминалистикалық бөлімшелері қызметкерлерінің емтиханы өтті. Емтиханды ІІМ БҚҚ өкілдері ZOOM платформасында онлайн форматта қабылдады. Үш апта ішінде криминалистика кафедрасының оқытушылары жұмыс істейтін қызметкерлерді дайындады, сондықтан бірде-бір "екі" жоқ!
24 қазан 2023
2023 жылғы қазан айының 24 күні Академияның оқу жұмыс бағдарламасына сәйкес криминалистика және қылмыстық процесс кафедрасының қызметкерлері «Жақып Ақбаев атындағы жалпы білім беретін мектебінің» "Жас сарбаз" полиция бағытындағы 8 сынып оқушыларымен сабақ өткізді. Сабақты өткізу барысында оқушыларға тергеу және криминалистикалық қызметтің бағыты бойынша қосымша оқу-таныстыру бейнематериалдары көрсетілді.
23-28 қазан 2023
2023 жылғы қазан айының 23-28 аралығында Қазақстан Республикасы ІІМ ӘТД, АӘТБ АМІ жөніндегі аға тергеушілері, тергеушілері үшін біліктілікті арттыру курсы өткізілді.
19 қазан 2023
2023 жылғы қазан айының 19 күні 310 оқу тобы Баллистика және баллистикалық зерттеулер пәні бойынша тақырып №5.« Понятие, конструкция и классификация боеприпасов.» практикалық сабағына Ұлытау Облысы ПД ЖКБ бастығы полиция полковнигі Б.М.Қалыбеков.
12 қазан 2023
2023 жылғы қазан айының 12 күні 307 оқу тобы Дактилоскопия және дактолоскопиялық зерттеулер пәні бойынша тақырып №3. «Қол (жалаңаяқ) іздерін идентификациялау үшін жарамдылығын анықтау әдістемесі» практикалық сабағына Қарағанды қаласы ПБ Михайловка ПБ аға криминалисі Б. Дюсебай.
3 қазан 2023
2023 жылғы қазан айының 03 күні 307 оқу тобы «Баллистика және баллистикалық зерттеулер» пәні бойынша тақырып №3.«Травматикалық және газды қарудың құрылғысы. Әрекет ету қағидасы» практикалық сабағына Ақмола облысы ПД ЖКБ аға криминалисі полиция подполковнигі Н.Ж.Жұмабеков.
29 қыркүйек 2023
Академия қабырғасында криминалистика кафедрасы Қарағанды облыстық адвокаттар алқасының адвокаты Садуақасов Ибрагим Берікболұлының қатысуымен кәсіби даярлау факультетінің 3 курс курсанттары үшін "Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында адам құқықтарын қорғау" тақырыбында семинар-тренинг өткізді. Маман тергеу барысында адам құқықтарын сақтау мәселелерін атап өтті, сондай-ақ адвокаттық жұмыс тәжірибесінен алынған материалдар көрсетілді. Сондай-ақ, болашақ тергеушілер мен криминалистер қызықты сұрақтармен қатар Ибрагим Берікболұлынан нұсқаулар, кеңестер мен ізгі тілектер алды.
25-30 қыркүйек 2023
2023 жылғы қыркүйек айының 25-30 аралығында Қазақстан Республикасы ІІМ ҰҚҚКД, ҰҚККБ, ІІО-ның бөлім бастықтары біліктілікті арттыру курсы өткізілді.Сондай-ақ, осы мерзім аралығында Қазақстан Республикасы ІІМ ӘТД, АӘТБ-ның АМІ жөніндегі аға тергеушілері, тергеушілері үшін біліктілікті арттыру курсы өткізілді
22 қыркүйек 2023
2023 жылғы қыркүйек айының 22 күні Қарағанды академиясында "Трасология және трасологиялық зерттеу"пәні бойынша Қазақстанның жедел-криминалистикалық бөлімшелері қызметкерлерінің емтиханы өтті. Емтиханды ІІМ БҚҚ өкілдері ZOOM платформасында онлайн форматта қабылдады. Үш апта ішінде криминалистика кафедрасының оқытушылары жұмыс істейтін қызметкерлерді дайындады, сондықтан бірде-бір "екі" жоқ!
22 қыркүйек 2023
2023 жылғы қыркүйек айының 22 күні ZOOM платформасында онлайн форматта Қазақстан Республикасы ІІМ Жедел-криминалистикалық бөліністерінің аға криминалистері, криминалистері үшін "Трасологиялық зерттеу әдістемесі" біліктілікті арттыру курсы бойынша емтихан өткізілді. Оң баға алған 19 тыңдаушыға зерттеу жүргізу құқығына рұқсат берілді.
20 қыркүйек 2023
Кәсіби даярлық факультетінің білім алушылары үшін ҚБТ-ны қолдана отырып: "Сот фотосуреті", "Сот медицинасы және сот психиатриясының негіздері", "Сот сараптамасы", "Жекелеген тергеу әрекеттерін жүргізудің тактикасы мен технологиясының ерекшеліктері" оқытылды.
9 қыркүйек 2023
Криминалистика кафедрасы 2023 жылғы қыркүйек айының 9 күні "Ақпараттық технологияларды пайдалана отырып жасалған қылмыстар туралы істер бойынша жекелеген тергеу іс-қимылдарын жүргізу тактикасы" ғылыми зерттеу тақырыбы аясында тақырыбында Қарағанды облысы бойынша сот сараптамалары орталығының директоры А.Б. Тукенованың, Қазақстан Республикасы ІІМ полиция департаменттерінің ЖКБ бөлімдерінің бастықтары мен криминалистерінің қатысуымен дөңгелек үстел өткізілді.
2 қыркүйек 2023
Кафедра кәсіби даярлық факультетінің 2, 3, 4 курс курсанттарына: "Криминалистика" (техника), "Дактилоскопия және дактилоскопиялық зерттеулер", "Трасология және трасологиялық зерттеулер", "Суық қаруды зерттеу","«Меншікке қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтарды ашу және тергеп-тексерудегі ұйымдастырушылық-тактикалық ерекшеліктері», "Сот сараптамасы","Баллистика және баллистикалық зерттеулер", "Құжаттарды техникалық зерттеу", "«Жеке адамға қарсы қылмыстық әрекеттерді болдырмаудың ұйымдастырушылық-тактикалық ерекшеліктері» "Криминалистика" (тактика және әдістеме) оқу пәндерін оқытуды қамтамасыз етті
1 қыркүйек 2023
2023 жылғы қыркүйек айының 1 күні Білім күніне орай салтанатты жиын өтті. Криминалистика кафедрасы оқу жылының ашылуына және Білім күнін мерекелеуге қатысты.



