Тілдік дайындық кафедрасы
10 мамыр 2024
«Полиглот» байқауы. Тілдік дайындық кафедрасының профессорлық-оқытушылық құрамы геолог, минералогия ғылымдарының докторы, профессор, академик Қаныш Имантайұлы Сәтбаевтың туғанына 125 жыл толуына орай кәсіби даярлық факультетінің 1-курс курсанттарына арналған «Қаныш Сәтбаев және отандық ғылым» тақырыбында «Полиглот» байқауын ұйымдастырып, өткізді. Викторинаның қорытындысы бойынша І орынды 108-оқу тобының курсанты Омаров Мади иеленді.
17 сәуір 2024
«Тілдарын» облыстық байқауы. Қарағанды облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы үш тілді (қазақ, орыс, ағылшын тілдерін) жетік меңгерген 15-30 жас аралығындағы облыс тұрғындары арасында «Тілдарын» облыстық байқауын өткізді. Қазақстан Республикасы ІІМ Б.Бейсенов атындағы Қарағанды академиясының кәсіби даярлық факультетінің 1-курс курсанты, полиция қатарындағы С.Құдабай үш тілді жетік меңгергені үшін алғыс хат, қаржылай сертификатпен және 1-курс курсанты, полиция қатарындағы С.Тұрсын алғыс хатпен марапатталды.
14 сәуір 2024
«Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте!» мерекелік іс-шарасы. Тілдік дайындық кафедрасының іргетасы қаланғанына 55 жылдық мерейтойға орай кәсіби даярлық факультетінің 1-курс курсанттарына арналған «Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте!» мерекелік іс-шарасы өткізілді.
14 желтоқсан 2023
Тәжірибемен алмасу. Педагогикалық тәжірибемен алмасу аясында академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің оқытушылары тәжірибелік сабақтарын өткізді. Тәжірибемен алмасу үшін Г.А.Мейрамов атындағы орыс тілі мен әдебиеті кафедрасының аға оқытушысы Қ.А.Беспаева және Аударма теориясы мен практикасы кафедрасының меңгерушісі С.С.Туркенова шақыртылды. Оқытушылар тақырыптар бойынша сабақтардың элементтерін көрсетіп, ағылшын және орыс тілінен сабақтарын жүргізу тәжірибелерімен және бірегей әдістемелерімен бөлісті. Курсанттар қызығушылық танытып, сұрақтарын қойды.
11 желтоқсан 2023
«The Role of Policeman» тақырыбындағы викторина. Тілдік дайындық кафедрасының шет тілі пәнінің оқытушылары ғылыми-педагогикалық магистратурасының 1-курс магистранттарына арналған «The Role of Policeman» викторинасын өткізді. «The Role of Policeman» викторинасының қорытындысы бойынша І орынды Шаухар Данияр иеленді.
1-30 қараша 2023
«Еркін ел ұрпағы» тақырыбындағы эссе байқауы. Тілдік дайындық кафедрасының профессорлық-оқытушылық құрамы Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күні қарсаңында 2023 жылдың 01-30 қарашасы аралығында кәсіби даярлық факультетінің 1-курс курсанттары арасында «Еркін ел ұрпағы» тақырыбында мемлекеттік тілде эссе жазу байқауын өткізді. Байқаудың қорытындысы бойынша І орынды 110-оқу тобының курсанты Гомар Әмина иеленді.
23 қазан 2023
«Махамбет мұрасы – егемен елдіктің өшпес рухы» викторинасы. Республика күніне орай ұлы ақын, күйші, домбырашы, батыр Махамбет Өтемісұлының туғанына 220 жылдық мерейтой қарсаңында 2023 жылдың 23 қазанында тілдік дайындық кафедрасының профессорлық-оқытушылық құрамы кәсіби даярлық факультетінің 1-курс курсанттарының арасында «Махамбет мұрасы – егемен елдіктің өшпес рухы» викторинасын ұйымдастырып, өткізді. Викторинаның қорытындысы бойынша І орынды 104-оқу тобының курсанты, полиция қатарындағы Жауынбек Ерсултан иеленді.
1-31 қазан 2023
«Қазіргі заман қаһарманы» тақырыбындағы эссе байқауы. Тілдік дайындық кафедрасының профессорлық-оқытушылық құрамы 2023 жылдың 01-31 қазаны аралығында ғылыми-педагогикалық магистратураның 1-курс магистранттары және кәсіби даярлық факультетінің 3-курс курсанттары арасында «Қазіргі заман қаһарманы» тақырыбында орыс тілінде эссе жазу байқауын өткізді. Байқаудың қорытындысы бойынша жүлделі орындар келесідей: – 3-курс курсанттары арасында І орын – 309-оқу тобының курсанты Задуян Алина; – ғылыми-педагогикалық магистратураның магистранттары арасында І орынды Шаухар Данияр, ІІ орынды Свиридова Жибек, ІІІ орынды Баймырза Диана иеленді.
5 қыркүйек 2023
«Абай Құнанбайұлының мұраларын ұлықтайық» викторинасы. Қазақстан халқының Тілдері күніне орай 2023 жылдың 5 қыркүйегінде тілдік дайындық кафедрасының профессорлық-оқытушылық құрамы кәсіби даярлық факультетінің 1-курс курсанттарына арналған «Абай Құнанбайұлының мұраларын ұлықтайық» викторинасын ұйымдастырып, өткізді. Викторинаның қорытындысы бойынша І орынды 109-оқу тобының курсанты Ерлан Досымжан иеленді.
1-25 қыркүйек 2024
«Жемқорлықсыз әлем» тақырыбындағы эссе байқауы. Құқықтық сауаттылықты арттыру және сыбайлас жемкорлық көріністеріне қарсы тұруға байланысты ic-шаралар аясында тілдік дайындық кафедрасының профессорлық-оқытушылық құрамы 2023 жылдың 01-25 қыркүйегі аралығында Қазақстан Республикасы ІІМ Бәрімбек Бейсенов атындағы Қарағанды академиясы жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру факультеті ғылыми-педагогикалық магистратурасының 1-курс магистранттары арасында орыс және ағылшын тілінде «Жемқорлықсыз әлем» тақырыбында эссе байқауын өткізді. Орыс тілінде эссе жазу байқауында І орынды Баймырза Диана, II орынды Дагыстанов Бауыржан иеленді. Ағылшын тілінде эссе байқауының қорытындысы бойынша жүлделі орындар келесідей: І орын – Свиридова Жибек; ІІ орын – Шаухар Данияр; ІІІ орын – Баймырза Диана.



