к. Караганды, Ермеков, 124

Казахский

ҚАЗ

Call-орталығы

1414

Сенім телефоны

+ 7 (7212) 30-36-66

Қабылдау комиссиясы

+7 (7212) 30-33-64

г. Караганда, Ермекова, 124

Call-орталығы 1414

Жалпы заң пәндер кафедрасы

Ақпараттық бюллетені Вторник, 28 октября 2025
Жалпы заң пәндер кафедрасы

2025 жылы қазан

Жалпы заң пәндер кафедрасының доценті, полиция подполковнигі Ғаббасәлі Б.Ғ. «Құқық нысаны (қайнар көздері)» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Сабақ барысында құқықтық нормалардың негізгі түрлері – нормативтік-құқықтық актілер, құқықтық әдет-ғұрыптар, сот прецеденттері және нормативтік шарттар жан-жақты талқыланды. Полиция подполковнигі Ғаббасәлі Б.Ғ. олардың құқықтық жүйедегі орны мен маңызын, сондай-ақ қазіргі заманғы заң тәжірибесінде қолданылу ерекшеліктерін кеңінен түсіндіріп өтті. Ерекше назар ұлттық және халықаралық құқық көздерінің өзара байланысы мәселелеріне, сондай-ақ заңдылықты нығайтудағы құқық шығармашылығы қызметінің рөліне аударылды. Сабақ интерактивті түрде, презентациялық материалдар мен құқық қолдану тәжірибесінен алынған мысалдарды пайдалану арқылы өткізілді. Сабаққа қатысушылар кафедра доценті Ғаббасәлі Б.Ғ. жоғары кәсібилігін, мазмұнды баяндау логикасын және материалдың практикалық бағыттылығын атап өтті.

Ақпараттық бюллетені Пятница, 31 мая 2024
Жалпы заң пәндер кафедрасы

31 мамыр 2024

Ағымдағы жылдың 31-мамырында Жалпы заң пәндері кафедрасының кеңейтілген отырысында жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру факультетінің докторанты (2021 жылғы алым) заң ғылымдарының магистрі полиция капитаны Ж.А.Маликовтың Құқық қорғау қызметі мамандығы бойынша философия докторы (PhD) ғылыми атағын алу үшін дайындалған диссертациялық жұмысын диссертациялық кеңеске қорғауға жіберу үшін алдын ала талқылау мәселесі көтерілді. Ғылыми жұмысы тақырыбы: «ИНТЕРНЕТ ЖЕЛІСІНДЕГІ БАЛА ҚҰҚЫҚТАРЫН ҚОРҒАУДЫҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ». Қазіргі таңда ақпараттық технологиялардың қарқынды дамуы қарсаңында ел болашағы бұлыңғыр болмас үшін дәл осы тақырып төңірегінде ауқымды еңбек атқарылуы және сол зерттеу жұмыстарының нәтижелері заң практикасына енуі аса маңызды да қоғамға ең керек қадам екені сөзсіз. Сондықтан да диссертанттың ғылыми жұмысы барысында зерделеген ұсыныстары мен жаңалықтары кафедра ұжымы тарапынан бірауыздан қолдау тауып қорғауға шығаруға ұсынылды. Жандос Анарбекұлына алдағы уақытта зерттеу жұмысы аясындағы қыруар еңбегі барлық бағытта бағаланып, философия докторы атануына тілектеспіз!

Ақпараттық бюллетені Среда, 29 мая 2024
Жалпы заң пәндер кафедрасы

29 мамыр 2024

Курсанттар арасындағы халықаралық дөңгелек үстел 29 мамырда Қазақстан Республикасы ІІМ Қарағанды академиясының жалпы заң пәндері кафедрасы «Сыбайлас жемқорлық және адам құқықтары» тақырыбында курсанттар арасында халықаралық дөңгелек үстел өткізді. Аталған іс-шараға Ресей ІІМ Уфа заң институтының және Қазақстан Республикасы ІІМ Б.Бейсенов атындағы Қарағанды академиясының курсанттары қатысты. Дөңгелек үстел барысында курсанттар демократия мен заң үстемдігіне нұқсан келтіретін, адам құқықтарының бұзылуына әкеліп соғатын, нарықты бұзатын, өмір сүру сапасын төмендететін және ұйымдасқан қылмыстың өркендеуіне мүмкіндік беретін сыбайлас жемқорлық сияқты жағымсыз құбылысты талқылады. Сыбайлас жемқорлық үшін азаматтық-құқықтық жауапкершілікке және оны жою шараларына ерекше назар аударылды.

Ақпараттық бюллетені Четверг, 23 мая 2024
Жалпы заң пәндер кафедрасы

23 мамыр 2024

Халықаралық дөңгелек үстел Ағымдағы жылдың 23 мамырында Қазақстан Республикасы ІІМ Б. Бейсенов атындағы Қарағанды академиясының жалпы заң пәндері кафедрасы «Жоғары оқу орындарында оқытудың заманауи әдістемелерін қолдану: инновациялық тәсілдер» тақырыбында халықаралық дөңгелек үстел өткізді. Дөңгелек үстел жұмысына Ресей ІІМ Орал заң институтының, Ресей ІІМ Омбы академиясының, «Bolashaq» академиясының, Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды зертеу университетінің, Қарағанды Қазтұтынуодағы университетінің, Қазақстан Республикасы ІІМ Б. Бейсенов атындағы Қарағанды академиясының, Қазақстан Республикасы ІІМ Ш. Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының профессорлық-оқытушылық құрамы, жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру факультетінің докторанттары мен магистранттары қатысты. Білім берудің өзекті мәселелері, полиция қызметкерлерін тәжірибеге бағдарланған оқыту әдістемелері, студенттермен жұмыс істеудегі коуч-технологиялар, сондай-ақ ведомстволық жоғары оқу орындарында оқытудың түрлі әдістемелері қарастырылды.

Ақпараттық бюллетені Понедельник, 29 апреля 2024
Жалпы заң пәндер кафедрасы

29-30 сәуір 2024

Еуропалық Одақтың Орталық Азиядағы шекараларды басқаруға жәрдемдесу жөніндегі бағдарламасының өңірлік кеңсесі (БОМКА) ағымдағы жылдың 29-30 сәуірде «Адам саудасы қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша онлайн-дәріс өткізді». Аталған іс-шара бойынша спикер ретінде Қазақстан Республикасы ІІМ Б.Бейсенов атындағы Қарағанды академиясының жалпы заң пәндері кафедрасының аға оқытушысы, полиция подполковнигі М.Қ. Балтабасова және Қазақстан Республикасы ІІМ М.Есболатов атындағы Алматы академиясының жедел-іздестіру кафедрасының доценті, полиция подполковнигі Қ.Тындыбаев жүргізді.\ Дәріс БОМКА жобасының сарапшылары: адам саудасына қарсы іс қимыл бойынша ұлттық сарапшы Кенбаев Жанғали және адам саудасына қарсы іс-қимыл бойынша ЕО сарапшысы Иванка Хайнцль (Вена, Австрия) ханымның қолдауымен өткізілді.

Ақпараттық бюллетені Четверг, 25 апреля 2024
Жалпы заң пәндер кафедрасы

25 сәуір 2024

Ағымдағы жылдың 25 сәуір күні жалпы заң пәндері кафедрасының ұйымдастыруымен Кеңес Одағының ғалым-геологы, академик Қаныш Имантайұлы Сәтбаевтың 125 жылдық мерейтойына арналған «Сіз Шетелдердің мемлекет және құқық тарихын білесіз бе?» тақырыбында ЖОО-ның студенттері мен курсанттары арасында аймақтық пәндік викторинасы өткізілді. Викторинаға Академияның атынан «Lawyer» командасы және Академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды зерттеу университетінің «Juris Genius» командасы мен «Bolashaq» Академиясының «Әділет» командалары қатысты. Викторина келесідей төрт кезеңнен тұрды: 1 - кезең командалардың өздерін таныстыру, 2 - кезең сұрақ-жауап, 3 - кезең викторина тақырыбына эссе жазу, 4 – кезең капитандар жарысына арналды. Әр кезең бойынша командалардың табанды жарысының нәтижесінде 1-орныға Қарағанды академиясының «Lawyer» командасы, 2-орынға Қарағанды зерттеу университетінің «Juris Genius» командасы, 3 - орынға «Bolashaq» Академиясының «Әділет» командасы ие болды. Сондай-ақ викторина барысында Кеңес Одағының ғалым-геологы, академик Қаныш Имантайұлы Сәтбаевқа арналған қысқа метражды бейне ролик көрсетілді және викторинаның жанкүйерлері арасында іс-шара тақырыбына арналған сұрақтар қойылып, дұрыс жауап берген білім алушыларға сыйлықтар таратылды. Викторина соңында командалар Қазақстан Республикасы ІІМ Б. Бейсенов атындағы Қарағанды академиясы бастығының грамоталарымен марапатталды, кафедра тарапынан түрлі сыйлықтар беріліп, білім алушылар рухани азық алып, көтеріңкі көңіл күймен тарқасты.

Ақпараттық бюллетені Понедельник, 22 апреля 2024
Жалпы заң пәндер кафедрасы

22 сәуір 2024

2024 жылғы 22 сәуірде жалпы заң пәндері кафедрасының аға оқытушылары, полиция подполковнигі А.Б. Қожасова және полиция майоры Б. Ғ. Ғаббасәлі “ Шетелдер мемлекетінің құқығы және тарихы” пәні бойынша тәжірбие алмасу мақсатында Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды зерттеу университетінің аға оқытушылары профессор, з.ғ.к., Phd докторы Қ.С. Мусин мен з. ғ. м. Н.Қ.Оралбаевты Академияға дәріс сабағына шақырды. Аталған оқытушылар “ АҚШ-тағы буржуазиялық мемлекеттің пайда болуы” тақырыбында бинарлық дәріс оқыды. Дәріс жоғары деңгейде өтті, дәріс соңында курсанттар өздерін қызықтырған сұрақтарға мазмұнды жауап алды. Ұжым атынан аталған оқытушыларға еңбекте табыс, отбасында бақыт тілейміз!

Ақпараттық бюллетені Среда, 17 апреля 2024
Жалпы заң пәндер кафедрасы

17 сәуір 2024

Ағымдағы жылдың 17 сәуірінде Қазақстан Республикасы ІІМ Б. Бейсенов атындағы Қарағанды академиясының жалпы заң пәндері кафедрасының аға оқытушысы. полиция подполковнигі Оксана Ладыгина жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру факультетінің ғылыми-педагогикалық магистратурасының 1 курс магистранттарына «Қылмысқа қарсы күрестегі мемлекеттердің халықаралық ынтымақтастығы» пәні бойынша «Қылмысқа қарсы күрестегі мемлекеттердің ынтымақтастығын үйлестіруші халықаралық ұйымдар» тақырыбында ашық дәріс сабағын өткізді. Адамзат өркениетінің тарихы даму барысында қылмыстармен және олармен күресумен байланысты. Біз білетіндей, қылмыстылық пен қылмыскерлер бүгінде заңдылық пен құқықтық тәртіпке, қоғамның саяси жүйесінің қалыпты жұмыс істеуіне қауіп төндіруде. Осыған байланысты Интерпол, БҰҰ, ЕҚЫҰ сияқты қылмысқа қарсы күреспен айналысатын халықаралық ұйымдарды және олардың қызметіндегі Қазақстанның орындарын зерделеу қажет.

Ақпараттық бюллетені Понедельник, 15 апреля 2024
Жалпы заң пәндер кафедрасы

15 сәуір 2024

15 сәуір 2024 жылы Қазақстан Республикасы ІІМ Бәрімбек Бейсенов атындағы Қарағанды академиясының қабырғасында курсанттар мен студенттер арасында Қазақстан ғылыми күніне арналған “ Жастар және қазіргі мемлекет: әлеуметтік - құқықтық өзара іс - қимыл проблемалары” атты халықаралық ғылыми - теориялық онлайн конференция өтті. Конференцияға Россия ІІМ ведомстволық оқу орындарынан курсанттар қатысты. Аталған іс - шараға ұсынылған баяндамалар мазмұнды болды және баяндамашылар ғылыми жұмыстарын жоғары деңгейде қорғап шықты. Конференция соңында қатысушыларға ғылыми жетістіктерге жете берулеріне тілектес екенімізді білдіріп, дипломдармен марапаттадық.

Ақпараттық бюллетені Пятница, 12 апреля 2024
Жалпы заң пәндер кафедрасы

12 апреля 2024

2024 жылғы 12 сәуірде Қарағанды қаласының 90 жылдығына арналған «Заң ғылымының қазіргі даму үрдістері» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция аясында жалпы заң пәндері және қылмыстық құқық және криминология кафедраларының ұйымдастыруымен «Заң ғылымының дамуы: проблемалар мен перспективалар» атты дөңгелек үстел өтті. Секция жұмысына Қазақстан Республикасы ІІМ Б. Бейсенов атындағы Қарағанды академиясының, Ресей ІІМ Волгоград академиясының және Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының магистранттары, докторанттары, профессорлық-оқытушылық құрамы мен ғылыми қызметкерлері қатысты. Секция жұмысы пікірталас түрінде өтті, ұсынылған баяндамалар бойынша сұрақтар қойылып, оларға толық жауаптар алынды.

Ақпараттық бюллетені Среда, 3 апреля 2024
Жалпы заң пәндер кафедрасы

3 сәуір 2024

Халықаралық курсанттар қауымдастығы 2024 жылғы 3 сәуірде Қазақстан Республикасы ІІМ Б.Бейсенов атындағы Қарағанды академиясының жалпы заң пәндері кафедрасының қызметкерлері Ресей ІІМ Уфа заң институтының азаматтық-құқықтық пәндер кафедрасының қызметкерлерімен бірлесіп онлайн-режимде «Құқық қорғау органдарының қызметінде жеке және қоғамдық мүдделердің арақатынасы» тақырыбында халықаралық ғылыми үйірменің отырысын өткізді. Полиция полковнигі Г.А. Әубәкірованың жетекшілігімен Академия атынан кәсіби даярлық факультетінің 3 курс курсанттары: А. Жексенбаев, Т. Нұрсейітов, А. Мусина, Д. Байтенизова және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру факультетінің 2 курс магистранттары Е. Әбілда, Д. Бахытқалиев, Е. Тоқтар қатысты, аталған білім алушылардың ғылыми баяндамалары іс-шараға қатысушылардың қызығушылығын тудырды

Ақпараттық бюллетені Понедельник, 18 марта 2024
Жалпы заң пәндер кафедрасы

18-19 наурыз 2024

2024 жылғы 18-19 наурызда Алматы қаласында Қазақстан Республикасының шекаралас аймақтарында адам саудасымен күресу бойынша тренерлердің тренингі өтті. Бұл шараны ЕО Орталық Азиядағы шекараны басқару бағдарламасының аймақтық кеңсесі – 10-кезең (BOMCA 10) жүзеге асырды. Бұл іс-шараға жалпы заң пәндері кафедрасының аға оқытушысы М.Балтабасова және заңсыз көші-қон және адам саудасына қарсы күрес мамандарын даярлау бойынша оқу орталығының аға оқытушысы Сейлғазин Д. қатысты. Іс-шара барысында шекаралас аймақтардағы жұмыстарға баса назар аудара отырып, Еуропалық Одақ пен Қазақстан Республикасындағы адам саудасына қарсы күрес жүйесіне талдау жасалып, ведомствоға түскен ақпаратты беру бойынша әдістемелік материалдар ұсынылды. Тренинг соңында қатысушылар осы жерде сынақтан өткен команда дайындаған презентациялар мен лекцияларды ұсынды.

Ақпараттық бюллетені Понедельник, 26 февраля 2024
Жалпы заң пәндер кафедрасы

26 ақпан 2024

Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдарының өзара іс-қимылы аясында Қазақстан Республикасы ІІМ Б.Бейсенов атындағы Қарағанды академиясының жалпы заң пәндері кафедрасы ағымдағы жылдың 26 ақпанында кәсіби даярлық факультетінің 1 курс курсанттарына "Қазақстан Республикасының Конституциясы - қоғам мен мемлекеттің демократиялық өзгерістерінің негізі" тақырыбына дәріс ұйымдастырды. Курсанттарға аталған дәрісті онлайн режимде Қазақстан Республикасы ІІМ М. Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының жалпы заң пәндері кафедрасының аға оқытушысы полиция подполковнигі Р.Н.Жігітова оқыды. Дәрісте конституциялық реформалар, мемлекеттік органдар арасында билікті қайта бөлу және Қазақстан Республикасының мемлекеттік-құқықтық реттеу мәселелері қозғалды

Ақпараттық бюллетені Четверг, 15 февраля 2024
Жалпы заң пәндер кафедрасы

15 ақпан 2024

2024 жылғы 15 ақпанда Қазақстан Республикасы ІІМ Б.Бейсенов атындағы Қарағанды академиясының жалпы заң пәндері кафедрасының оқытушысы полиция майоры Ғаббасәлі Ботагөз Ғаббасәліқызы Қарағанды облысының Білім басқармасының Қарағанды қаласы Білім бөлімінің “Дарын” мамандандырылған мектеп-лицей-интернатында 9-11 сынып оқушыларымен “Жасөспірім және заң” тақырыбында қызықты ақпараттармен және көп жылғы ІІО тергеу бөлімдеріндегі тәжірбиесімен бөлісті. Оқушылар тарапынан әртүрлі сұрақтар қойылып, мазмұнды жауаптар берілді. Оқушылар да болашақта құқық қорғау органдарының қызметкерлері болып, елімізге адал қызмет жасағылары келетіндіктерін айтып, болашаққа құрған арман - мақсаттарымен бөлісті. Академия ұжымы оқушыларға жарқын болашақ, қажымас кайрат, таусылмас ілім, еліміздің көк туын биікке көтеретін азаматтар болуын тілейді!

Ақпараттық бюллетені Понедельник, 15 января 2024
Жалпы заң пәндер кафедрасы

15 қаңтар 2024

Халықаралық ғылыми жұмыстар байқауындағы жеңіс Қазақстан Республикасы ІІМ Б.Бейсенов атындағы Қарағанды академиясының кәсіби даярлық факультетінің 2 курс курсанты Юлия Толокольникова «Мемлекеттік құрылыс және халықаралық қатынастар» атты білім алушылардың ғылыми-зерттеу жұмыстарының халықаралық байқауында жеңіске жеткені үшін І дәрежелі дипломмен марапатталды. Байқауды Ресей ІІМ Орал заң институты Ресей, Тәжікстан, Беларусь және Қазақстанның заңгерлік жоғары оқу орындарының білім алушылары арасында өткізді. Ғылыми жетекшілікті жалпы заң пәндері кафедрасының аға оқытушысы полиция подполковнигі Оксана Ладыгина жүзеге асырды және ол Академия бастығының алғыс хатымен марапатталды. Жеңімпазды құттықтаймыз!

Ақпараттық бюллетені Суббота, 23 декабря 2023
Жалпы заң пәндер кафедрасы

23 желтоқсан 2023

2023 жылғы 23 желтоқсанда ғылыми мектеп аясында заң ғылымдарының докторы, доцент С.Д. Бекишева жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру факультетінің ҒПМ 1 курс магистранттарына «Ғылыми мақаланы жазу әдістемесі» және «Магистрлік диссертацияны жазу әдістемесі» тақырыптары бойынша дәрістер оқыды. Қоғам, мемлекет және құқық дамуының заманауи мәселелерін зерделеу, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің ведомстволық жоғары оқу орындарында оқытудың жаңа әдістемелері аталған мектеп қызметінің ең маңызды ерекшелігі болып табылады.

Ақпараттық бюллетені Пятница, 15 декабря 2023
Жалпы заң пәндер кафедрасы

15 желтоқсан 2023

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнін мерекелеу қарсаңында жалпы заң пәндері кафедрасының оқытушысы Н.А.Шарова “Қазақстан Республикасының мемлекет және құқық тарихы” пәні бойынша «Знаете ли вы ИГП РК?» атты жоғары оқу орындары арасында викторина өткізді.Викторинада 3 команда бақ сынасты: ІІМ Қарағанды академиясының “Алаш” командасы, Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің “Номад” командасы, Қазтұтынуодағы Қарағанды университетінің “Бірлік” командасы.Қатысушылар өз білімдері мен дағдыларын және біліктіліктерін әртүрлі кезеңдерде көрсете білді: әр команда өздерін таныстыру мақсатында бейнероликтер көрсетті, “Өз ойыны” форматында белгілі тұлғалардың, қоғам қайраткерлерінің, хандар мен билердің портреттері мен гравюралары бойынша қойылған сұрақтарға жауап берді.Табанды жарыстың нәтижесінде “Алаш” командасы 1 - орынды, “Номад” командасы 2 - орынды және “Бірлік” командасы 3 - орынды иеленді.

Ақпараттық бюллетені Четверг, 14 декабря 2023
Жалпы заң пәндер кафедрасы

14 желтоқсан 2023

2023 жылғы 14 желтоқсанында кәсіптік даярлық факультетінің 3 курс курсанттары үшін онлайн-форматта ғылыми орталық бастығының орынбасары – Ресей Федерациясының ЖОФҚ құқық және басқару академиясының ғылыми-зерттеу бөлімінің бастығы, з.ғ. к., доцент, ішкі қызмет подполковнигі А. И. Мачкасов «Қылмыстық- аткару жүйесінің қызметкерлерінің өмірі мен денсаулығын міндетті мемлекеттік сақтандыру» тақырыбында дәріс оқыды. Александр Мачкасов курсанттармен қылмыстық-атқару жүйесі қызметкерлерінің өмірі мен денсаулығын міндетті мемлекеттік сақтандырудың ресейлік тәжірибесімен бөлісті, бұл қоғамдағы әлеуметтік шиеленісті төмендетуге ықпал ететін азаматтардың әлеуметтік қорғалуын арттырудың маңызды факторы екенін атап өтті.Дәріс соңында жалпы заң пәндері кафедрасының профессорлық- оқытушылық құрамы мен академия курсанттары А.Мачкасовқа өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, оларға толық жауап алды.

Ақпараттық бюллетені Среда, 6 декабря 2023
Жалпы заң пәндер кафедрасы

6 желтоқсан 2023

Қазақстан халқы Ассамблеясының Достық үйінде «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің инновациялық тәсілдері» сыбайлас жемқорлыққа қарсы жобалар байқауының финалы өтті, оған Академияның сыбайлас жемқорлыққа қарсы қозғалысының еріктілері, КДФ 3 курс курсанттары Жексенбаев Амир, Жақсылықов Диас және Ефимов Давыд кафедра оқытушысы, полиция аға лейтенанты Баймағамбетова Анель Жомартқызының жетекшілігімен қатысты. Финалдық тур мен жобаларды қорғаудың негізгі мақсаты мемлекеттік билік органдары мен Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаменті үшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың құқықтық және ұйымдастырушылық нысандары, оның алдын алудың тиімді тәсілдері, сондай-ақ мемлекеттік сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты жетілдіру бойынша ұсыныстарды талқылау және қалыптастыру болды. Біздің стратегиялық сыбайлас жемқорлыққа қарсы тәрбиеміз болашақ Отан қорғаушыларды даярлау жөніндегі міндеттерді табысты шешуге одан әрі ықпал ететініне сенімдіміз!

Ақпараттық бюллетені Среда, 6 декабря 2023
Жалпы заң пәндер кафедрасы

6 желтоқсан 2023

2023 жылғы 6 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Б.Бейсенов атындағы Қарағанды академиясының жалпы заң пәндері кафедрасының оқытушысы полиция майоры Ғаббасәлі Ботагөз Ғаббасәліқызы Қарағанды облысының Білім басқармасының Қарағанды қаласы Білім бөлімінің “ Жақып Ақбаев атындағы жалпы білім беретін “ коммуналдық мемлекеттік мектебінің 8 “ Полиция “ сыныбына “ Кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауаптылығы және олармен келтірілген шығынның орнын толтыру” тақырыбында қызықты ақпараттармен және көп жылғы ІІО тергеу бөлімдеріндегі тәжірбиесімен бөлісті. Оқушылар тарапынан әртүрлі сұрақтар қойылып , мазмұнды жауаптар қайтарылды. Оқушылар да болашақта тергеуші және криминалист мамандығы бойынша жоғары білім алып, елімізге адал қызмет жасағылары келетіндіктері жайлы арман - мақсаттарымен бөлісті. Академия ұжымы атынан оқушыларға жарқын болашақ, қажымас кайрат тілейміз !

Ақпараттық бюллетені Вторник, 5 декабря 2023
Жалпы заң пәндер кафедрасы

5 желтоқсан 2023

Халықаралық сарапшылар қауымдастығы Қазақстанның адам құқықтары саласында қарқынды дамуын оң бағалады Халықаралық Адам құқықтары күні қарсаңында Астанада Қазақстан Конституциялық Сотының бастамасымен ҚР Президенті жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссиямен және ҚР Сыртқы істер министрлігімен бірлесіп «Салауатты планетадағы бейбітшілік, қадір-қасиет және теңдік. Сот төрелігінің рөлі және адам құқықтарын алға оздыру» атты брифинг өтті. Брифингке Қарағанды академиясы атынан жалпызаң пәндері кафедрасының бастығы, философия докторы (PhD) Райбаев Дәулет Құмарбекұлы қатысты. Аталған шара бейбітшілік кепілі ретінде Халықаралық диалог жылын және Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясының 75 жылдығын атап өтудің бір бөлігі болып табылады.

Ақпараттық бюллетені Понедельник, 27 ноября 2023
Жалпы заң пәндер кафедрасы

27 қараша 2023

Жалпы заң пәндері кафедрасының оқытушылары Балтабасова Мейрамгул Қазыбековна және Жалмаханов Жанғали Шапагатович №66 мектеп-лицейінде болып кәсіптік бағдар беру мақсатында 10, 11 сынып оқушыларымен кездесу ұйымдастырды. Мектеп білім алушыларға Б.Бейсенов атындағы Қарағанды академиясында оқудың артықшылықтары мен кәсіби келешегі туралы мәліметтер жеткізілді. Сонымен қатар оқушыларға жол жүзу ережелері, буллинг пен кибербуллинг тақырыптары шеңберінде алдын алу мағлұматтар жеткізілді. Оқушылар тарапынан кездесу барысында сұрақтар қойылып қызығушылық танытты.

Ақпараттық бюллетені Четверг, 23 ноября 2023
Жалпы заң пәндер кафедрасы

23 қараша 2023

2023 жылғы 23 қарашада Қарағанды академиясының жалпы заң пәндері кафедрасының оқытушысы, полиция маиоры Ғаббасәлі Ботагөз Ғаббасәліқызы кәсіби даярлық факультетінің 405 оқу тобымен “ Кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғаудағы ІІО рөлі” тақырыбына ашық семинар сабағын өткізді. Ашық сабақ барысында ҚР аумағындағы бала құқықтарын қорғауға баиланысты заңдар мен нормативті- құқықтық актілер талқыланып, шетел тәжірбиесі қаралды. Сонымен қатар, интерактивті оиындар оинатылып, курсанттардың білімдерін пысықтау мақсатында тестілеу жүргізілді. Сабақ соңында оқытушы тақырыпты қорытындылап, курсанттарды обьективті бағалап өтті. Ашық сабақ тартымды да мазмұнды өтті.

Ақпараттық бюллетені Среда, 15 ноября 2023
Жалпы заң пәндер кафедрасы

15 қараша 2023

Батылдықты талап ететін мамандыққа алғашқы қадамды қалай жасауға болады?! ҚР ІІМ Б. Бейсенов атындағы Қарағанды академиясының жалпы заң пәндері кафедрасының оқытушылары полиция майоры Б.Ғ. Ғаббасәлі және полиция аға лейтенанты А. Д. Баймағамбетова № 59 орта мектептің болашақ талапкерлері үшін кәсіптік бағдар беру мақсетында насихат жүргізді. Аталған оқытушылар жоғары сынып оқушыларына Академияға түсу тәртібі туралы егжей-тегжейлі айтып берді, оқу процесінің ерекшеліктерін, дайындықтың әртүрлі бағыттарын сипаттады, сондай-ақ курсанттар мен полиция қызметкерлері үшін қарастырылған жеңілдіктер мен әлеуметтік кепілдіктер туралы еске салды. Оқушылар Академия қызметкерлерін қызығушылықпен тыңдап, қызығушылық танытқан сұрақтарын белсенді түрде қойды. Кәсіптік бағдар берген қызметкерлер сөз соңында отырған оқушыларды курсанттар қатарынан көргілері келетінін атап өтті.

Ақпараттық бюллетені Воскресенье, 5 ноября 2023
Жалпы заң пәндер кафедрасы

5 қараша 2023

Ішкі істер министрлігі Экстремизге және терроризмге қарсы іс-қимылдың мемлекеттік жүйесін дамытудың 2023-2025 жылдарға кешенді жоспарын іске асыруда. Осыған орай, 3 қазанда Академиямызда Экстремизмге қарсы іс-қимыл департаменті ІІО қызметкерлеріне арналған біліктілікті арттыру мақсатында, жалпы білім беретін пәндер кафедрасы және жалпы заң пәндері кафедрасының ұйымдастыруымен ҚР Парламенті мәжілісі аппаратының қызметкері, з.ғ.к Ж.О. Онлашева «Мемлекет пен діннің қарым-қатынасы – шетелдік тәжірибе және Қазақстан зайырлы мемлекет ретінде» тақырыбы бойынша дәріс сағатын өткізді.

Ақпараттық бюллетені Четверг, 2 ноября 2023
Жалпы заң пәндер кафедрасы

2 қараша 2023

«Адам құқығы» тақырыбында семинар-тренинг Тәжірибелік қызметкерлерді сабақ өткізуге тарту аясында кафедраның аға оқытушылары полиция полковнигі Г.А.Әубәкірова, полиция подполковнигі М.Қ.Балтабасова және оқытушы полиция капитаны Н.А.Шарова қосымша білім беру факультетінің тыңдаушыларына сабақ өткізу үшін Қарағанды қаласы Қоғамдық Кеңесінің тұрақты комиссиясының орынбасары, құқық қорғаушы, «QOZGALYS KZ» ЖҚБ төрағасы А.Б.Қабегеновті шақырды. Аслан Қабегенов әскери-тергеу басқармасының қызметкерлеріне, сонымен қатар тергеушілер мен анықтаушыларға «Адам құқықтары» тақырыбы боиынша семинар-тренинг өткізді, іс-шара барысында қатысушылармен кеистер қарастырылып, шешілді. Тренинг соңында спикер әр қатысушыға адам құқықтарының жалпыға бірдеи декларациясына шолу жасалған брошюра түрінде сыилық жасады.

Ақпараттық бюллетені Пятница, 27 октября 2023
Жалпы заң пәндер кафедрасы

27 қазан 2023

Жалпы заң пәндері кафедрасының оқытушысы Ф.М.Ашимханова кәсіби даярлық факультетінің 203 оқу тобымен «Қазақстан Республикасының мемлекет және құқық тарихы» пәні бойынша семинар сабағын  инновациялық технологияларды, яғни Qyizizz бағдарламасын пайдалана отырып, топ курсанттарының білімін тексеру мақсатында тестілеу түрінде өткізді. Сабақ өте қызықты да мазмұнды өтті.

Ақпараттық бюллетені Понедельник, 23 октября 2023
Жалпы заң пәндер кафедрасы

23 қазан 2023

Республика күнін мерекелеуге баиланысты жалпы заң пәндері кафедрасының профессорлық-оқытушылық құрамы белгілі мемлекет қаираткері, Қырғыз АССР Халық комиссарлары кеңесінің төрағасы Н.Н.Нұрмақовты еске алу мақсатында туысқандары М.Ж. Нұрмақов пен Р.Ж.Нұрмақованы іс-шара қонақтары ретінде шақыра отырып, кәсіби даярлық факультетінің 1-3 курс курсанттарына жалпы кураторлық сағат ұиымдастырды. Мұқан Жәмелұлы және Роза Жәмелқызы курсанттарға Нығмет Нұрмақовтың өмір тарихын, қазақ тіліне мемлекеттік мәртебе беру үшін, қазақ халқының тәуелсіздігі үшін қалаи күрескені туралы аитып берді. Нығмет Нұрмақов “Қазақ тілі” газетінің және “Қызыл Қазақстан” журналының редакторы болды. Халықтың игілігі үшін қызмет еткен осындаи танымал қаираткерлерді білу және құрметтеу - әрқаисымыздың міндетіміз. Республика күні құтты болсын қымбатты достар! Отанымызға беибіт өмір, отбасыларыңызға амандық тілеиміз!

Ақпараттық бюллетені Понедельник, 16 октября 2023
Жалпы заң пәндер кафедрасы

16 қазан 2023

2023 жылғы 16 қазанда жалпы заң пәндері кафедрасының аға оқытушысы полиция подполковнигі А.Б.Қожасова кәсіби даярлық факультетінің 2 курс курсанттарына «XV-XVIII ғасырларда Қазақстанның мемлекеті мен құқығы» тақырыбына ашық дәріс сабағын өткізді. Дәрісті өткізу барысында «Қазақстанның XV-XVIII ғасырлардағы мемлекеті және құқығы» тақырыбы қаралып, негізгі аспектілері: басқару органдары, әкімшілік-аумақтық құрылысы және салық жүйесі, сондай-ақ тарихи құқық ескерткіштерінің ережелері ашылды.  

Ақпараттық бюллетені Суббота, 7 октября 2023
Жалпы заң пәндер кафедрасы

7 қазан 2023

2023 жылғы 7 қазанда біздің Академияға құрметті қонақ, саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық оңалту жөніндегі мемлекеттік комиссияның жобалық кеңсесінің мүшесі, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы жанындағы Академияның ардагерлер кеңесінің төрағасы, Қазақстан Республикасы ІІМ Б.Бейсенов атындағы Қарағанды академиясының мемлекеттік-құқықтық пәндер кафедрасының бұрынғы бастығы, отставкадағы аға әділет кеңесшісі С.Н. Исаева келді. Светлана Нұрханқызы қызмет жолын оқытушылық және ғылыми қызметке арнай отырып, Академияда ұзақ уақыт жұмыс істеді. Бүгінгі кездесуде Қарағанды академиясы мен жалпы заң пәндері кафедрасының кітапхана қорын өзінің жеке кітапханасындағы кітаптарымен толықтырды. Құрметті Светлана Нұрханқызы, сізге оқу процесінің дамуына қосқан баға жетпес үлесіңіз үшін алғыс айтамыз. Сізге зор денсаулық, өркендеу және барлық бастамаларыңызға табыс тілейміз!

Ақпараттық бюллетені Пятница, 6 октября 2023
Жалпы заң пәндер кафедрасы

6 қазан 2023

2023 жылы 06 қазан күні жалпы заң пәндері кафедрасының аға оқытушысы,301 оқу тобының кураторы полиция подполковнигі А.Б.Қожасова курсанттарды кураторлық сағат аясында Алаш қаи‌раткері Міржақып Дулатұлына арналған”Міржақып.Оян қазақ!”фильмін тамашалауға апарды.Көптің көңілінен шыққан Алаш зиялылары туралы патриоттық, әрі тарихи фильмді курсанттар мектеп жасында кітаптан оқып зерделеген болса, енді көзбен көріп, құлақпен естігендерін аи‌тып, ел қамын ои‌лаған марғасқа ағаларымен қауышқандаи‌ әдемі әсерді бастан кешті.

Ақпараттық бюллетені Пятница, 22 сентября 2023
Жалпы заң пәндер кафедрасы

22-23 қыркүйек 2023

Қазақстан Республикасы ІІМ Б.Бейсенов атындағы Қарағанды академиясының жалпы заң пәндері кафедрасының оқытушылары , полиция лейтенанты Баймағамбетова Анель Джомартовна және полиция капитаны Жалмаханов Жанғали Шапагатович «ІІМ қызметкерлері жемқорлыққақарсы» атты көлемді сыбайлас жемұқорлыққа қарсы акциясын өткізді. Бұл әлеуметтік-мәдени жоба Бәрінбек Сәрсенұлы Бейсеновтің 100 жылдығын мерекелеуге, қоғамдық санады абыройлы полиция қызметкерінің бейнесін және сыбайлас жемқорлықпен күресуші тұлғаның бейнесін анықтауға бағытталған тәрбиелік сипатта арналған.

Ақпараттық бюллетені Четверг, 7 сентября 2023
Жалпы заң пәндер кафедрасы

07 қыркүйек 2023

Қазақтың рухани көсемі атанған Алаш ардақтысы, Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының туғанына биыл 151 жыл толып отыр. 2023 жылдың 07 қыркүйегінде Академиямызда “ Бұл тойдан ізгілікті із қалу керек” деген мақсатпен кәсіби даярлық факультетінің 403 және 405 топтар аралығында викториналық ойындар өткізіліп, соңында ақынның жыр шумақтары оқылды. Ал, ойын басында тұлғаның өмірі мен қызметі туралы қысқаметражды фильм көрсетілді. Аталған іс - шараны Академиямыздың “ Жалпы заң пәндері “ кафедрасының аға оқытушысы А. Б. Қожасова мен оқытушысы Б. Ғ. Ғаббасәлі жүргізді. Курсанттар ойынға белсене қатысып, соңында сыйлықтармен марапатталып, көтеріңкі көңіл-күймен тарқасты.

Ақпараттық бюллетені Среда, 30 августа 2023
Жалпы заң пәндер кафедрасы

30 тамыз 2023

Жалпы заң пәндері кафедрасының ұжымы, Қазақстан Республикасының "Конституциясы" күні мен "Кафедра күнін" атап өтті. Кафедра бастығы, Phd докторы, полиция майоры Д. К.Райбаев құттықтау сөз сөйлеп, қатысушыларға кафедраның қалыптасу тарихымен таныстырды. Іс-шара дарынды курсанттар мен шақырылған қонақтарды жұмылдыра отырып, патриоттық стильде өткізілді. Іс-шараға қатысушылар, шығармашылық қабілеттерін көрсете отырып, іс-шараның жақсы өтуіне өз үлестерін қосты. Құрметті достар, Сіздерді еліміздің басты мерекелерінің бірімен құттықтаймыз! Сіздерге зор денсаулық, ашық аспан, мол бақыт және отбасыларыңызға амандық тілейміз!

Ақпараттық бюллетені Среда, 30 августа 2023
Жалпы заң пәндер кафедрасы

30 тамыз 2023

"Конституциялық патруль" Қазақстан Республикасы ІІМ Б.Бейсенов атындағы Қарағанды академиясының жалпы заң пәндері кафедрасының оқытушысы полиция лейтенанты А.Д.Баймағамбетова Қарағанды қаласының тұрғындары өз құқықтарын қаншалықты жақсы біледі деген сұраққа жауапты кәсіби даярлық факультетінің 4 курс курсанттарымен бірлесе жүріп анықтады. Конституция қарсаңында "Конституциялық патруль" атты іс-шара өткізілді, қала тұрғындары мен қонақтарына конституциялық құндылықтарға қатысты сұрақтарға жауап беру ұсынылды. Ішкі істер органдарының болашақ қызметкерлері көшеде өтіп бара жатқан адамдардың білімін ерекше мәліметтермен толықтырды, мысалы, елдің Негізгі заңы түрік курортында құрылды және француз моделі негізінде қабылданды. Сауалнамаға қатысушылардың әрқайсысына Конституцияның бір данасы, сондай-ақ ел мен Академияның мемлекеттік рәміздері сыйға тартылды. "Конституциялық патруль" - бұл өзекті мәселелерді шешу барысында азаматтар мен ішкі істер органдарының өзара іс-қимылын нығайтуға арналған ағартушылық жоба. Аталған іс-шараны ұйымдастырудың негізгі мақсаты азаматтарды құқықтық ақпараттандыру, олардың мемлекет туралы білімі жайлы ой-өрісін кеңейту, сондай-ақ өзіне және өз отанына жауапкершілікпен қарауды қалыптастыру болып табылады!

ИРБИС система автоматизации библиоте
Дистанционное обучение
Лекториум
Результаты тестирования ЕНТ