Криминалистика кафедрасы
Хабарландыру 10.08.2025
2025 жылғы 11 қыркүйекте Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Б. Бейсенов атындағы Қарағанды академиясында курсанттардың «Жас ғалымдар көзімен криминалистиканың даму үрдістері» атты Халықаралық ғылыми-теориялық конференциясы өтеді.
Конференцияның мақсаты — криминалистиканың қазіргі даму бағыттары мен болашағын талқылау, курсанттар, студенттер мен жас ғалымдар арасындағы ғылыми идеялар мен зерттеу нәтижелерімен алмасу.
Конференцияға курсанттар, студенттер, магистранттар және криминалистика мен сот сараптамасы саласына қызығушылық танытқан ғылыми қауымдастық өкілдері шақырылады.
Хабарландыру 23.03.2025
2025 жылғы 16 сәуірде Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Б. Бейсенов атындағы Қарағанды академиясында курсанттардың «Жастар және заманауи мемлекет: әлеуметтік-құқықтық өзара іс-қимыл мәселелері» атты Халықаралық ғылыми-теориялық конференциясы өтеді.
Конференцияның мақсаты — мемлекет пен жастар арасындағы өзара іс-қимылдың өзекті мәселелерін талқылау, құқықтық мәдениетті дамыту, курсанттар, студенттер және жас ғалымдар арасындағы ғылыми идеялар мен тәжірибе алмасу.
Конференцияға курсанттар мен студенттер шақырылады.
Хабарландыру 27.02.2025
2025 жылғы 21 наурызда Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Б. Бейсенов атындағы Қарағанды академиясында «Сіз криминалистиканы білесіз бе?» атты викторина өтеді.
Іс-шараның мақсаты — криминалистика пәні бойынша курсанттардың кәсіби білімін арттыру, пәнге деген қызығушылығын дамыту, сондай-ақ логикалық және аналитикалық ойлау дағдыларын қалыптастыру.
Викторинаға криминалистика мен қылмыстарды тергеуге қызығушылық танытқан академия курсанттары мен тыңдаушылар шақырылады.



