Жалпықұқықтық пәндер кафедрасы
Хабарландыру 22.09.2025
2025 жылғы 22 қазанда сағат 15.00 – де (Астана қ.уақыты бойынша) Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Бәрімбек Бейсенов атындағы Қарағанды академиясы Қазақстан Республикасы Тәуелсіздік күніне арналған «Адам мен азаматтың құқықтары ме бостандықтарын қамтамасыз етудің өзекті мәселелері: аймақтық вектор» тақырыбында аймақтық семинар тренинг өткізіледі.
Қатысуға: ғалымдар, профессор-оқытушылар құрамы, магистранттар, докторанттар, ішкі істер органдарының практикалық қызметкерлері және осы тақырыппен байланысты басқа да мүдделі мекемелер мен ұйымдар шақырылады.
Хабарландыру 29.07.2025
2025 жылғы 29 тамызда сағат 10.00 – де (Астана қ.уақыты бойынша) Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Бәрімбек Бейсенов атындағы Қарағанды академиясы Қазақстан Республикасы Конституциясының 30 жылдығына арналған «Қазақстан Республикасының Конституциясы - Қазақстанның қауіпсіз, тұрақты және орнықты дамуының құқықтық негізі» тақырыбында өңірлік дөңгелек үстел өткізіледі.
Қатысуға: ғалымдар, профессор-оқытушылар құрамы, магистранттар, докторанттар, ішкі істер органдарының практикалық қызметкерлері және осы тақырыппен байланысты басқа да мүдделі мекемелер мен ұйымдар шақырылады.
Хабарландыру 13.05.2025
2025 жылғы 13 маусымда сағат 10.00-де (Астана қ. уақытымен) Қазақстан Республикасы ІІМ Бәрімбек Бейсенов атындағы Қарағанды академиясы Қазақстан Республикасы Конституциясының 30 жылдығына арналған «Ішкі істер органдары адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қорғау және заң үстемдігін қамтамасыз етудегі конституциялық-құқықтық механизмі» тақырыбында халықаралық ғылыми-практикалық конференция өткізеді.
Қатысушылар: ғалымдар, профессорлық-оқытушылық құрам, магистранттар, докторанттар, бұқаралық ақпарат құралдары, сондай-ақ ішкі істер органдарының және басқа да мүдделі мекемелер мен ұйымдардың практикалық қызметкерлері.
Хабарландыру 23.04.2025
2025 жылғы 23 мамыр күні сағат 14.00-де Қазақстан Республикасы ІІМ Б. Бейсенов атындағы Қарағанды академиясының жалпы заң пәндері кафедрасы «Жоғары оқу орындарында оқытудың заманауи әдістемелерін қолдану: инновациялық тәсілдер» атты халықаралық дөңгелек үстел өткізеді.
Дөңгелек үстел жұмысына жоғары оқу орындары, қоғамдық ұйымдар, құқық қорғау қызметкерлері шақырылады.
Дөңгелек үстел қазақ, орыс тілінде өткізіледі.
Оқыту әдістерін жетілдіру мәслелеріне қызығушылық танытқан барлық азаматтарды қатысуға шақырамыз.
Хабарландыру 01.04.2025
2025 жылдың 30 сәуірінде Қазақстан Республикасы ІІМ Б. Бейсенов атындағы Қарағанды академиясында Жалпы заң пәндері кафедрасының ұйымдастыруымен "Конституция – Ата Заң" атты іс-шараны өткізу жоспарлануда.
Хабарландыру 29.03.2025
2025 жылдың 30 сәуірде Қазақстан Республикасы ІІМ Б. Бейсенов атындағы Қарағанды академиясында Жалпы заң пәндері кафедрасының ұйымдастыруымен "Шет елдердің мемлекет және құқық тарихын білесің бе?” атты викторина өткізілу жоспарлануда.
Хабарландыру 20.03.2025
2025 жылғы 15 сәуір мен 20 мамыр аралығында Қазақстан Республикасы ІІМ Б. Бейсенов атындағы Қарағанды академиясы «Ішкі істер органдары қызметіндегі адам құқықтары: мәселелері мен даму болашағы» тақырыбында халықаралық ғылыми жоба байқауын жариялайды.
Байқаудың ұйымдастырушылары: ҚР ІІМ Б. Бейсенов атындағы Қарағанды академиясының жалпы заң пәндері кафедрасы.
Хабарландыру 01.02.2025
2025 жылдың 27 ақпанында Қазақстан Республикасы ІІМ Б. Бейсенов атындағы Қарағанды академиясында Жалпы заң пәндері кафедрасының ұйымдастыруымен "Азаматтық құқықты білесің бе" атты викторина өткізілу жоспарлануда.



