10 апреля 2024
Ағымдағы жылдың 10 сәуірінде жалпы заң пәндері кафедрасының аға оқытушысы полиция подполковнигі А.Б.Қожасова Қазақстан Республикасының ІІМ Бауыржан Момышұлы атындағы Оқу орталығы бастығының орынбасары полиция подполковнигі Искаков Ілияс Маратұлының қатысуымен Академияның кәсіби даярлық факультетінің 1 курс курсанттарына Қазақстан Республикасының Конституциялық құқығы пәні бойынша «Конституция - Қазақстан Республикасының негізгі заңы» тақырыбында дәріс ұйымдастырды. Дәрісте Қазақстан Республикасының конституциялық құқығы-ұлттық құқықтың маңызды саласы; Конституциялық құқықтың құқық жүйесіндегі алатын орны; Конституциялық – құқықтық нормалар: мазмұндарының ерекшелігі; Конституциялық құқықтың қайнар көздері жайлы сұрақтар зерделенді. Дәріс барысында курсанттар Қазақстан Республикасының Конституциясына қатысты өздерін қызықтыратын сұрақтарды қоя отырып, дәріскер тарапынан ауқымды жауаптарды алды. Ілияс Маратұлы Искаковпен кездесу мазмұнды да тартымды өтті.