24 ноября 2023
Қарағанды облысы әкімінің орынбасары Ерлан Құсайынның қатысуымен «Жас офицерлер -2023» балы өтті. Іс-шараның мақсаты — әскери қызметтің беделін арттыру, әскери өнерді насихаттау, жас офицерлердің жоғары білімі мен жоғары мәдениетін көрсету. Бал әскери қызметтің көпғасырлық тарихы барысында қалыптасқан эстетика мен дәстүрді жас ұрпаққа дарытуға бағытталған. Аталған іс-шара әскери қызметшілердің бірнеше ұрпағын – кадет сыныптарының оқушыларын, курсанттарды, түрлі ведомстволардың әскери қызметшілерін және Қарулы Күштердің ардагерлерінің басын қосты. ІІМ Қарағанды академиясының атынан жалпы заң пәндер кафедрасының оқытушысы Жанғали Жалмаханов пен 3 курс курсанты Амина Беласарова, 3 курс курсанты Нұрасыл Каликанов пен 4 курс курсанты Назым Ерланова қатысты. Қазылар алқасының шешіміне сәйкес, ІІМ Қарағанды академиясы жүлделі 3-орынға ие болды (Ж.Жалмаханов, А. Беласарова). Жас офицерлер балының соңында барлық қатысушыларға естелік мүсіндер сыйға тартылды, ал I, II, III орындарға ие болған жеңімпаз жұптар ақшалай сыйлықтарға ие болды.