Хабарландыру 10.08.2025
2025 жылғы 11 қыркүйекте Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Б. Бейсенов атындағы Қарағанды академиясында курсанттардың «Жас ғалымдар көзімен криминалистиканың даму үрдістері» атты Халықаралық ғылыми-теориялық конференциясы өтеді.
Конференцияның мақсаты — криминалистиканың қазіргі даму бағыттары мен болашағын талқылау, курсанттар, студенттер мен жас ғалымдар арасындағы ғылыми идеялар мен зерттеу нәтижелерімен алмасу.
Конференцияға курсанттар, студенттер, магистранттар және криминалистика мен сот сараптамасы саласына қызығушылық танытқан ғылыми қауымдастық өкілдері шақырылады.
Обновлено: 10.08.2025 16:26



