Хакатонға Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарының білім алушылары
Четверг, 3 апреля 2025

Қазақстан Республикасы ІІМ білім беру ұйымдарында кадрларды даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру жүйесінің 2025-2028 жылдарға арналған бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын орындау шеңберінде ІІМ Қарағанды академиясы Қарағанды облысының мемлекеттік қызметтер көрсету және мұрағаттар басқармасының қолдауымен “Терриконовая долина” IT-хабымен және “Kazdream Special Systems” IT-холдингімен 2025 жылғы 28-30 наурыз аралығында хакатон өткізді.
Қатысушылар қауіпсіздікті арттыруға, азаматтармен өзара іс-қимылдың цифрлық құралдарын дамытуға және полицейлерді даярлау жүйесін жақсартуға бағытталған жобалармен жұмыс жасады. Үш күн ішінде олар полицияның технологиялық және қол жетімді болуына көмектесетін мобильді және оқыту шешімдерінің прототиптерін әзірледі.
Хакатонға Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарының білім алушылары, жұмыс істеп жатқан IT-мамандар, сондай-ақ ІІМ Қарағанды академиясының курсанттары қатысты, олар ақпараттық технологиялар саласындағы дайындық пен практикалық дағдылардың жоғары деңгейін көрсете отырып, жақсы нәтижелер көрсетті.