Халықаралық ғылыми-практикалық конференция өткізді
Воскресенье, 9 апреля 2023
Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясы Ғылым қызметкерлері күні қарсаңында жас ғалымдармен, 35 жасқа дейінгі ғылым кандидаттары, ЖОО докторанттары мен магистранттарын арасында «Қазіргі заманғы заң ғылымын дамыту: теория және практика» атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференция өткізді.
Аталмыш конференцияға Қарағанды академиясы бастығының орынбасары Олжас Сейтжанов Құқық қорғау органдары академиясының ұйымдастырған халықаралық конференцияда алғы сөз айтып, қатысушыларға сәттілік тіледі.
Қарағанды академиясының ІІО Әкімшілік қызметі кафедрасының бастығы Талғат Салкебаевтың жетекшілігімен Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру факультетінің ғылыми-педагогикалық магистратурасының магистранты Меруерт Ақанова «Ішкі істер органдары қызметкерлерінің бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара іс-қимылының өзекті мәселелері» атты баяндамасымен қатысты.
Ғылыми-практикалық конференция нәтижесі бойынша Меруерт Ақановаға «Ғылыми мәселеге тың көзқарас» номинациясы бойынша диплом беріліп, қатысқаны үшін сертификат табысталды. Ғылыми мақала арнайы жинақ ретінде баспаға жарияланатын болады.