к. Караганды, Ермеков, 124

Казахский

ҚАЗ

Call-орталығы

1414

Сенім телефоны

+ 7 (7212) 30-36-66

Қабылдау комиссиясы

+7 (7212) 30-33-64

г. Караганда, Ермекова, 124

Call-орталығы 1414

«Әділдік жолы» жобасы аясындағы танымдық кездесу

Суббота, 1 ноября 2025

Қазақстан Республикасы ІІМ Бәрімбек Бейсенов атындағы Қарағанды академиясының қызметкерлері «Әділдік жолы» жобасын жүзеге асыру шеңберінде «Ассоль» балалар білім беру орталығына барды. Бұл іс-шараның мақсаты — балаларға құқық қорғау қызметінің маңыздылығын түсіндіру және олардың құқықтық сауаттылығын арттыру болды.

Кездесу барысында Академия өкілдері тәрбиеленушілермен әртүрлі танымдық ойындар мен әңгімелер өткізді. Балалар полиция қызметінің қыр-сырымен танысып, ішкі істер органдарында қызмет етудің маңыздылығы мен заңды сақтаудың қажеттілігі туралы толық ақпарат алды. Бұл шара балалардың құқықтық мәдениетін қалыптастыруға және олардың заңға деген құрметін арттыруға бағытталған.

Сонымен қатар, Академия қызметкерлері балаларға полиция қызметінің күнделікті өмірдегі рөлі мен міндеттері туралы айтып берді. Бұл кездесулер балалардың құқық қорғау органдарының қызметіне деген қызығушылығын арттырып, олардың болашақта осы салада жұмыс істеуге деген ынтасын оятуға ықпал етті.

Обновлено: 01.11.2025 10:56

ИРБИС система автоматизации библиоте
Дистанционное обучение
Лекториум
Результаты тестирования ЕНТ