Әйел-тергеушінің рөлі: қылмыстық құқықбұзушылықтарды тергеу
Пятница, 14 ноября 2025

2025 жылғы 13 қарашада Қазақстан Республикасы ІІМ Бәрімбек Бейсенов атындағы Қарағанды академиясының Қылмыстық процесс кафедрасы 4-курс қыздары үшін «Әйелдер мен кәмелетке толмағандарға қатысты жасалған қылмыстық құқықбұзушылықтарды тергеудегі әйел-тергеушінің рөлі» тақырыбында факультативтік сабақ өткізді.
Сабақ барысында әйелдер мен кәмелетке толмағандарға қатысты зорлау және жыныстық сипаттағы күш қолдану фактілері бойынша жүргізілетін оқиға орнын қараудың ерекшеліктері жан-жақты талқыланды. Бұл тақырып бойынша тергеу әрекеттерінің маңыздылығы мен күрделілігі атап өтілді.
Сонымен қатар, әйелдер мен балаларға қатысты жыныстық қылмыстарды тергеу кезінде жүргізілетін оқиға орнын қарау, заттар мен бұйымдарды, биологиялық объектілерді алу тергеу әрекеттерінің тәртібі мен спецификалық талаптары егжей-тегжейлі түсіндірілді. Бұл талаптар тергеу барысындағы дәлелдемелердің сақталуын және олардың заңды түрде рәсімделуін қамтамасыз ету үшін маңызды болып табылады.
Обновлено: 14.11.2025 19:40



