ІІМ Академиясында ЖОО арасындағы республикалық оқу-әдістемелік жиын өтті
Понедельник, 27 октября 2025

2025 жылғы 21 қазанда Қазақстан Республикасы ІІМ Б.Бейсенов атындағы Қарағанды академиясының оқу-әдістемелік орталығы «Қазіргі білім берудің тәжірибесі, өзекті мәселелері және даму перспективалары» тақырыбында жоғары оқу орындары арасындағы республикалық оқу-әдістемелік жиын ұйымдастырды.
Оқу-әдістемелік жиынды Академия бастығының міндетін атқарушы полиция полковнигі Ерлан Думанұлы Намысов ашты. Өз сөзінде Ерлан Думанұлы оқу-әдістемелік жиынның негізгі мақсаты – заманауи білім беру саласындағы білім мен тәжірибе алмасу екенін атап өтті.
Жиынға қатысушылар мазмұнды және қызықты баяндамалар жасап, жаһандану мен жаңа әлеуметтік сын-қатерлер жағдайында педагогтердің дамуының инновациялық тәсілдері мен болашағын талқылады. Қатысушылардың назарында жасанды интеллект, виртуалды шындық және өзге де заманауи білім беру үрдісінің трендтері болды.
Обновлено: 27.10.2025 14:40



