ІІМ Қарағанды академиясының жеке құрам қызметкерлері мен курсанттарының қысқы киім үлгісіне ауысу рәсіміне арналған саптық байқау өтті
Пятница, 20 октября 2023
Кеше ІІМ Қарағанды академиясының жеке құрам қызметкерлері мен курсанттарының қысқы киім үлгісіне ауысу рәсіміне арналған саптық байқау өтті.
Оның мақсаты – қысқы киім нысанына көшу, саптық дағдыны жетілдіру, саптық командаларды орындау кезінде реттілікті, нысандық киім үлгісін қатаң ұстануын қамтамасыз ету. Саптық байқау барысында қызметкерлер мен курсанттардың сыртқы түр-сипаты, үлгілік киімі, қызметтік куәліктерінің талаптарға сай болуы тексерілді.