к. Караганды, Ермеков, 124

Казахский

ҚАЗ

Call-орталығы

1414

Сенім телефоны

+ 7 (7212) 30-36-66

Қабылдау комиссиясы

+7 (7212) 30-33-64

г. Караганда, Ермекова, 124

Call-орталығы 1414

«Капитан Байтасов» фильмі: ерлік пен батырлықтың мәңгілік бейнесі

Пятница, 31 октября 2025

Қазақстан Республикасы ІІМ Бәрімбек Бейсенов атындағы Қарағанды академиясының басшылық құрамы мен курсанттары батырлық пен ерлік туралы ерекше туынды – «Капитан Байтасов» көркем фильмін тамашалады.

Бұл фильм өз өмірін ел тыныштығы үшін құрбан еткен полиция капитаны Ғазиз Байтасовтың ерлігін баяндайды. 2011 жылдың қараша айында Тараз қаласында қарулы лаңкестің шабуылына қарсы тұрып, бейбіт тұрғындарды қорғау жолында қаза тапқан батырдың ерлігі мәңгі есте қалады.

Фильмнің көрсетілімі жас ұрпаққа адалдықтың, батылдықтың және отансүйгіштіктің биік үлгісін көрсетті. Қазақстан Республикасы ІІМ Бәрімбек Бейсенов атындағы Қарағанды академиясының курсанттары үшін бұл фильм антқа адал болу мен елге қызмет етудің маңызын терең сезіндіретін шынайы өмір сабағы болды.

Обновлено: 31.10.2025 20:28

ИРБИС система автоматизации библиоте
Дистанционное обучение
Лекториум
Результаты тестирования ЕНТ