Кеше ІІМ Қарағанды академиясында Әйелдер көшбасшылығы және әйелдердің тақырыбында семинар өткізілді
Пятница, 1 декабря 2023
Кеше ІІМ Қарағанды академиясында «Әйелдер көшбасшылығы және әйелдердің Төтенше жағдайлар мен қақтығыстардың алдын алуға және реттеуге, бейбітшілік пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қатысуы» тақырыбында семинар өткізілді.
Семинарға Қарағанды облысы әкімінің орынбасары Ерлан Құсайын, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі Ұлттық комиссия төрағасының орынбасары Елена Тарасенко, БҰҰ-ның гендерлік саясат және гендерлік зорлық-зомбылықтан қорғау жөніндегі Халықаралық кеңесшісі Халида Ажигулова, БҰҰ әйелдер жобалық сарапшысы Дәурен Тоқтаров, Кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі бас инспекторы Ғайни Карисова, Теміртау қаласы «Атамекен» өңірлік кәсіпкерлер палатасы Іскер әйелдер кеңесінің төрағасы Марина Шиллер, Қарағанды облысының іскер әйелдер қауымдастығының төрағасы Индира Джабаева, сондай-ақ, Төтенше жағдайлар басқармасы, Мемлекеттік өрт бақылау басқармасы, Қарағанды облысының қорғаныс істері департамент өкілдері және прокурорлар қатысты.
Әйелдердің саясаттағы рөлі мен қоғамдағы орны мен маңызы жайлы тақырыптар қозғалды. Тәуелсіздік жылдарында Қазақстан гендерлік саясатты жүзеге асыру жолында белгілі бір жетістіктерге жетті. Бірінші кезекте бұл әйелдердің мүмкіндіктерін дамытуда, ер азаматтар мен әйел азаматтарының еңбек жағдайларының теңдесуі.
Қорыта айтқанда, «Мәселе жыныстардың біреуінің күштілігінде, мықтылығында емес, олардың әртүрлігінде. Егер біздер осы айырмашылықтарды көріп және оларды шығармашылықпен қолдана алсақ, барлығымыз, әйелдер де, еркектер де бірдей дәрежеде бақыттырақ болар едік».