Киберволонтёрлердің интернет қауіпсіздігін қамтамасыз ету жұмыстары
Четверг, 13 ноября 2025

Қазақстан Республикасы ІІМ Бәрімбек Бейсенов атындағы Қарағанды академиясының киберволонтёрлері интернет кеңістігі мен әлеуметтік желілерді тұрақты түрде бақылап, тыйым салынған контенттің таралуына жол бермеу бағытында белсенді жұмыс атқаруда. Бұл бастама ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге, азаматтарды онлайн-қатерлерден қорғауға және цифрлық ортада құқықтық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған.
Киберволонтёрлер ерекше назарды есірткі заттарының заңсыз айналымына қатысты материалдарға, интернет алаяқтық пен өзге де құқыққа қарсы іс-әрекеттерді анықтауға аударады. Олар интернеттегі қауіпті контентті анықтап, тиісті органдарға хабарлау арқылы заңсыз әрекеттердің алдын алуға көмектеседі. Бұл жұмыс қоғамның ақпараттық қауіпсіздігін нығайтуға және жастар арасында құқықтық сауаттылықты арттыруға ықпал етеді.
Сонымен қатар, киберволонтёрлер азаматтарды интернеттегі қауіптерден қорғау мақсатында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізеді. Олар интернет пайдаланушыларға қауіпсіздік ережелерін түсіндіру, жеке деректерді қорғау және интернеттегі алаяқтықтан сақтану жолдарын үйрету бойынша дәрістер өткізеді. Бұл шаралар азаматтардың интернеттегі қауіпсіздігін арттыруға және құқықтық мәдениетті дамытуға бағытталған.
Обновлено: 13.11.2025 14:19



