Кішкентай балапандарға Аяз ата және ақшақар, сондай-ақ, 1-ші топқа шырша сыйлыққа берілді
Пятница, 30 декабря 2022
Жаңа жыл қарсаңында, ІІМ Қарағанды академиясының 3 курс басшылығымен, яғни, полиция майоры Нуркен Жаныбековтың жанұясының атынан жаңа жыл мерекесіне орай қайырымдылық іс-шара ұйымдастырылып, Қарағанды қаласындағы «Шапағат» балалар үйіне сәбилерді мерекемен құттықтау үшін барды.
Кішкентай балапандарға Аяз ата және ақшақар, сондай-ақ, 3 курс курсанттары ойыншықтар мен тәттілер таратып, 1-ші топқа шырша сыйлыққа берілді. «Шапағат» балалар үйінің қызметкерлері де назардан тыс қалмады. Балалар үйінің директоры Роза Абилаеваға академия бастығы полиция генерал-майоры Ақынқали Дәрменовтің атынын жаңа жылдық құттықтау грамотасы, балалар үйінің тәрбиешілеріне “Асыл АНА”, “Аяулы АНА”, “Жанашыр АНА”, “Мейірімді АНА”, “Қамқор АНА” медальдары және тәттілер сыйлыққа берілді.
Әрбір бала бақытты болуға лайықты. Балаға бақыт сыйлау әр ата-ананың міндеті болса, ата-анасының мейірімінсіз өсіп жатқан балаларға қамқорлық көрсету барша азаматтың парызы!