Конференцияға Сауд Арабиясы, Үндістан, Ресей, Беларусь, Өзбекстан, Қырғызстан делегациялары қатысты
Понедельник, 25 сентября 2023
ІІМ Қарағанды академиясында ЖОО-ның негізін қалаушы және бірінші бастығы, әділет генерал-майоры Бәрімбек Сәрсенұлы Бейсеновтың туғанына 100 жыл толуына арналған “ІІО қызметкерлерін даярлау: мұра, тәжірибе және перспективалар” атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті.
Бәрімбек Сәрсенұлының қазақстандық заң ғылымының дамуына қосқан үлесі баға жетпес, оның керемет педагог және талантты тәрбиеші, тәлімгер ретіндегі сіңірген еңбегі зор.
Конференцияға Сауд Арабиясы, Үндістан, Ресей, Беларусь, Өзбекстан, Қырғызстан делегациялары қатысты.
Пленарлық және сессиялық отырыстар барысында мынадай мәселелер талқыланды:
- ведомстволық білім берудің тарихы мен болашағы;
- білім алушылардың тәрбиесі және идеологиялық жұмыс;
- қазіргі жағдайда жоғары арнаулы оқу орындарында оқыту әдістемесін жетілдіру;
- жалпы заң және арнайы пәндерді оқытудың заманауи тәсілдері.
Конференция аясында Үндістан мен Сауд Арабиясы жоғары оқу орындарының өкілдерімен ынтымақтастық туралы меморандумдарға қол қойды.