к. Караганды, Ермеков, 124

flag

ҚАЗ

Call-орталығы

1414

Сенім телефоны

+ 7 (7212) 30-36-66

Қабылдау комиссиясы

+7 (7212) 30-33-64

г. Караганда, Ермекова, 124

Call-орталығы 1414

Курсанттар арасындағы достық пен бауырмалдық кеші

Пятница, 3 октября 2025

Қазақстан Республикасы ІІМ Бәрімбек Бейсенов атындағы Қарағанды академиясының 2 және 3 курс курсанттары 1 курс курсанттарына ағалық ықыласын білдіріп, арнайы кешкі дастархан жайды. Бұл шара достық пен бауырмалдықтың, үлкенге құрмет пен кішіге қамқорлықтың айқын көрінісі болып табылады.

Академияда қалыптасқан осындай дәстүрлер курсанттарды нағыз бірлікке тәрбиелейді. Мұндай іс-шаралар курсанттардың арасындағы ынтымақтастықты нығайтып, олардың болашақта кәсіби қызметтерінде бір-біріне қолдау көрсетуге дайын болуына ықпал етеді. Дәстүрлі түрде ұйымдастырылатын бұл кештер курсанттардың өзара түсіністігін арттырып, олардың академиялық және кәсіби дамуына оң әсер етеді.

Қазақстан Республикасы ІІМ Бәрімбек Бейсенов атындағы Қарағанды академиясы курсанттарының бірлігі мен ынтымақтастығы осындай іс-шаралар арқылы нығая түседі. Бұл академияның басты мақсаттарының бірі – курсанттарды тек кәсіби маман ретінде ғана емес, сонымен қатар қоғамға пайдалы азамат ретінде тәрбиелеу.

ИРБИС система автоматизации библиоте
Дистанционное обучение
Лекториум
Результаты тестирования ЕНТ