Сейсенбі, 4 Ақпан 2025
![](https://kpa.edu.kz/wp-content/uploads/2025/02/v-dubae-na-mezhdunarodnyh-sorevnovaniyah-the-uae-swat-challenge-2025-speczpodrazdelenie-mvd-rk-sұңқar-oderzhali-pobedu-v-pervyj-i-tretij-dni-sorevnovanij.webp)
Дубайда The UAE SWAT Challenge 2025 халықаралық жарыстары жалғасуда. Бұл беделді сайысқа 100-ден астам елдің күштік құрылымдарының арнайы жасақтары қатысуда.
“Сұңқар” арнайы жасағы жарыстың бірінші және үшінші күндерінің нәтижелері бойынша үздік шығып, жеңісті жолын жалғастыруда. Бүгін ІІМ қызметкерлері “Офицерді құтқару” деп аталатын үшінші кезеңді 2 минут 11 секундта аяқтады.
Жарыстың бірінші күнінде де “Сұңқар” командасы алтын медаль жеңіп алған болатын. Қазіргі таңда үш күннің қорытындысы бойынша Қазақстан ІІМ командасы турнирдің жалпы кестесінде екінші орынды иеленіп тұр.
Академиямыздың курсанттары мен кәсіби даярлық факультетінің тыңдаушылары бұл жарысты қызығушылықпен тамашалап, арнайы жасақтың кәсіби шеберлігіне тәнті болды. Болашақ офицерлер Қазақстан құрамасының жоғары нәтижелері мен жауынгерлердің ерік-жігерінен шабыт алды.